- Сарыөзектегі Туберкулезге қарсы диспансердің пациенттері кешке қарай емдеу мекемесінің сыртына шығып серуендеп, жеке үйлер секторындағы азық-түлік дүкендеріне келеді. Бұл дұрыс па?
Телефон бойынша
Сұраққа облыстық туберкулезге қарсы диспансер бас дәрігерінің орынбасары Дәметкен ТАЙПАНОВА жауап берді:
- Біздің диспансер пациенттерінің аурухана сыртына шығуға құқылары жоқ. Емдеу мекемесінің аумағында азық-түлік дүкені бар, олар сол жерден өздеріне керектің бәрін ала алады. Егер мұндай фактілер рас болса, тұрғындардан бұл жөнінде тікелей диспансер әкімшілігіне хабарлауларын сұраймыз. Кешкі уақыттарда бұл туралы кезекші дәрігерлерге хабарлауға болады. Біз тиісті шараларды қабылдаймыз.