Атырау, 8 қазан 21:33
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Сақ болыңыз, велосипедшілер!

3 023 просмотра

– Бізде қалада велосипедшілер көбейіп кеткен. Мен бұл көлік түріне мүлдем қарсы емеспін, бірақ велосипедшілер қолайсыздық қана емес, балалар мен ересектер үшін үлкен қауіп тудырады. «Ағила» сауда үйінің, Смағұлов атындағы аллеяның, орталық көпірден бастап Жилгородокқа дейінгі жағалау маңдары ересектердің және балалардың денсаулықтары мен өмірлері үшін қауіпті аймаққа айналған. Бұл әсірелеу емес. Велосипедшінің бір әйел адамды сәбиімен қағып кеткенін, ол әйелді ессіз күйде жедел жәрдемнің алып кеткенін білемін... Жаяу жүргіншілер аймағында велосипедшілердің жаппай жүруі жол қозғалысы ережесін бұзу боп табылады. Бірақ бұған ешкім мән бермейді. Неге белгілер қойып, жағдайға бақылау жасап, ереже бұзушыларға айыппұл салмайды, тіпті ереже бұзушылардың көліктерін тәркілемейді?

Митрофан Гочиниашвили.

Сұраққа Атырау облыстық  ІІД ЖПБ бастығының міндетін атқарушы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:

– Ескерту назарға алынды. Алдағы уақытта ІІД ЖПБ қызметкерлері жаяу жүргіншілер үшін қауіп тудыратын велосипедшілер тарапынан ереже бұзушылықтарды анықтау бойынша жекелеген рейдтік шаралар жүргізетін болады.

ДайындағанЗульфия БАЙНЕКЕЕВА.

5 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.