Атырау, 25 сәуір 14:32
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Таксистке заң жазылмаған

2 366 просмотра

– Стихиялы тұрақжайға қатысты қаламыз үшін өте өзекті мәселені көтергім келеді. Таксистер жол қозғалысы ережелеріне қарамастан, көліктерін қиылыстарға, автобус аялдамаларына, аулаларға жақын жерге қояды. Бұл апатты жағдайларға жиі себеп боп жатады. Таксистерге басқа жүргізушілер, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жиі ескерту жасайды, бірақ олар елең қылмайды. Олар өздерінің ешқандай жазаланбайтындығына сенімді. Бәлкім, біреулер үшін бұл жалғыз ғана табыс көзі шығар, бірақ қаламыздағы басқа жүргізушілер мен тұрғындардың тыныштығы және қауіпсіздігін де ойлау керек қой. Осыған байланысты менің жол полициясына сұрағым бар. Қаламызда таксистерге қатысты осы берекетсіздік қашанға дейін жалғасады және жол полициясының оларды тәртіпке салу мүмкіндігі бар ма?

Оксана Турыжникова

Сұраққа Атырау облыстық ІІД жол полициясы басқармасы-ның бастығы Мұхамбетжан ОСПАНОВ түсінік берді:

– Мұндай проблема шынымен де бар. Жол полициясы тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың осы түріне тыйым салуға бағытталған шаралар алынады. Биылғы жылдың тоғыз айы ішінде тоқтау, тұрақтау және көлік қою ережелерін бұзғаны үшін 631 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік сипаттағы әдіспен ғана бұл проблеманы шеше алмайтынымызды атап өткім келеді. Жол қалталарын, тұрақтарды, көлік қоятын орындарды көбейту қажет. Жол полициясы тарапынан тиісті ұсыныстар қалалық және облыстық әкімдіктерге үнемі енгізіліп отырады.

Жыл сайын облыста қайта тіркелетін көлік құралдарының өсімі 9 000-нан астам бірлікті құрайды. Осы көліктің шамамен 60-70 пайызы облыс орталығының еншісінде.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерін шешу тек жол полициясына ғана байланысты болмайды. Бірқатар проблемаларды мүдделі қызметтерді, ведомстволарды, ПИК-тер мен жұртшылықты жұмылдырып, кешенді шешу керек.

17 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.