Атырау, 24 сәуір 07:26
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Уақытпен бірге нық қадам

1 794 просмотра

- Ескі сипаттағы теледидарлар сандық теледидар сигналдарын қабылдай алмайтыны рас па? Егер алға қарай сандық көрсетілімге көшетін болсақ, қазірден бастап жаңа теледидар сатып ала берген дұрыс па?

Телефон бойынша

Сауалға Атырау облыстық телерадио тарату дирекциясының бас инженері Қалихан ИБРАЙЫМОВ жауап береді:

- Мемлекеттік бағдарлама аясында сандық теледидарға көшу бойынша жұмыстар бірнеше кезеңдерге бөлінген. Қазір діңгектегі антеннаны монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, содан кейін таратқыштар әкелініп, сонан соң ғана спутниктік жабдықтардың кезегі келеді. Хабар таратудың жаңа стандартына көшкенге дейін сандық және аналогтік теледидарлар қатар жұмыс жасайтын болады. Аналогтік теледидар 2015 жылдың соңында ажыратылатын болады. Сол кезде ғана ескі теледидар иелері оларға сандық сигналды қабылдауға мүмкіндік беретін арнайы блок қондырулары керек. Бұл блоктарды кім, қалай қондыратыны әзірге белгісіз, алайда бағдарлама мемлекеттік болғандықтан, бұл мемлекет есебінен жүзеге асырылатын болар.

1 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.