Атырау, 5 қазан 01:52
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Босану - ақылы

3 402 просмотра

–Зайыбым Ресей азаматшасы, мен Қазақстан азаматымын. Сәбиіміз Атырауда дүниеге келсе деген жоспарымыз бар. Бірақ шетелдік азаматтар үшін босандыру ақылы деп естідім. Егер бұл рас болса, ақысы қанша тұрады?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВА жауап берді:

– Тегін медициналық көмекті жергілікті жерге тіркелген және ЖИН-і бар пациенттер ала алады. Бұл есепке тіркелу үшін міндетті түрде қажет. Егер әйелде ЖИН болмаса және ол бұл тізімге енбеген болса, онда медициналық көмек ақылы түрде көрсетіледі. Ақы мөлшері босанудың күрделілік дәрежесіне және пациенттің денсаулығына байланысты болады. Баға көрсеткішін денсаулық сақтау министрлігі бекіткен, бағалар Қазақстанның бүкіл аумағында бірдей.

Біз бүкіл мәліметтерді Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде енгізілген компьютер бағдарламасына енгіземіз. Ол қызмет құнын есептеп береді. Мәселен, шұғыл босандыру құны 48 мың теңге тұрады.

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.