Атырау, 28 наурыз 23:17
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Білімге құштарлық

2 350 просмотра

- Мен APEC Petrotechnic (Atyrau Petroleum Education Center) оқу орнында студенттер толық жинақталмағанын естіп таң қалдым. Өйткені інім Берік Ж. өткен маусымда бірнеше рет түсу емтихандарын тапсырып, өкінішке орай, өте алмай қалды. Осы жылғы емтихандарға да ұқыпты дайындалды – ағылшын тілін үйрету курсына қатысты. Алайда оған емтихандарды кері тапсыруға болмайды деп, сынаққа жібермей қойды. Бұл жағдайдан шығар жол бар ма екен? Інімнің осы APEC Petrotechnic-те оқуға деген құштарлығы күшті.

Серік Ж.

Сұраққа APEC Petrotechnic хатшылығы түсінік берді:

- Кез келген оқу орны сияқты бізде де Қабылдау ережелері бар. Осының талаптарына сәйкес талапкер алдын ала іріктеуге қатысуға өтініш бере алады. Алдын ала іріктеу сынақтарының қорытындысы бойынша талапкер екі пәннен (математика мен ағылшын тілі – 23 және 26 сұрақтар сәйкесінше) сұрақтардың жалпы санының 60%-ына дұрыс жауап беруі керек. Талапкер белгіленген межеден асса ғана екінші турдағы негізгі емтихандарды тапсыруға жіберіледі. Екінші тур өте қиын және математикадан, физикадан, химиядан және ағылшын тілінен (ауызша және жазбаша) үлкен біліктілікті талап етеді.

Талапкер Берік Ж., шынында да, APEC Petrotechnic-ке түсу сынақтарын тапсырды. Алғашқы рет 2012 жылғы желтоқсанда бағын сынап, содан кейін 2013 жылғы ақпан айында емтихан комиссиясы оған жеңілдік жасап, екінші рет іріктеуден өтуге мүмкіндік берді. Алайда талапкер өте төмен нәтижелер көрсетті. Биылғы оқу жылында алдын ала іріктеуге үшінші рет қатысып, тағы да төмен ұпайлар жинады: математикадан 5 ұпай (21%), ағылшын тілінен 12 ұпай (46%). Емтихандар қорытындысы бойынша оған тағы да мұқият дайындалып, келесі жылы тапсыруға ұсыныс жасалды, өйткені Іріктеу туры ережелері бойынша ағымдағы жылда тек бір рет қатысуға болады. Іріктеу ережелері SAIT мамандарының қатысуымен қатайтылды, сондықтан да біз оны екінші рет жібере алмаймыз. Қабылдау комиссиясының алдына нақты мақсат – сапалы іріктеу жүргізу қойылған, өйткені әлсіз студенттер оқу бағдарламасын игере алмайды.

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.