Атырау, 8 қазан 19:28
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Үй салуға рұқсат

2 247 просмотра

- Мен Тайманов көшесі бойындағы 24 үй тұрғынымын. 2010 жылы қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өзімнің ескі үйімді бұзып, орнына жаңа үй салуға рұқсат сұрап жолыққан едім. Сол кезде бөлімдегілер Атырау қаласының Бас жоспарына сәйкес, Тайманов көшесін бойындағы үйлер бұзу аймағында екенін ескертіп,  рұқсат берілмейтінін айтқан еді. Бірақ одан бері көше тұрғындарының көпшілігі жаңа тұрғын үй салып алды. Үйлердің қай уақытта күрелетіндігін немесе рұқсат берілетін-берілмейтіндігін білгім келеді.

Г. Жолдаспаева

Сұраққа қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшы-сының міндетін атқарушы Слем-ғали СМАҒҰЛОВ түсінік берді:

- Қазіргі уақытта Атырау қаласының Бас жоспарын қайта жасақтау жұмыстары мен Атырау қаласының оң жақ бөлігінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірлену үстінде. Аталған жоба бойынша сол аймақта орналасқан ескі нысандар 2030 жылға дейін 3 кезеңмен бұзылатындығы жоспарланған. Атырау қаласының Бас жоспарына сәйкес, Тайманов көшесі алдағы уақытта көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық ғимараттар салынатын аумақ болып табылады.

Алайда, кейбір жағдайларда тұрғын үйінің орналасуына қарай, қалыптасқан құрылыстарды ескере отырып, ескі үйін қайта салуға қала құрылысы комиссиясының шешімімен рұқсат етілуі мүмкін.

1 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.