Сұрақ-жауап Бұйрыққа сай емес – Компаниялардың біріне жұмысқа орналасқанда үш ай сынақ мерзімімен 1 жылға еңбек келісімшартын жасаған едім. Сынақ мерзімі аяқталған кезде жұмыстан босатылатынымды айтып, маған жұмыстан босату туралы бұйрықпен танысып шығып, қол қоюды сұрады. Неліктен сынақ мерзімінен өтпей қалдым деген сұрағыма жұмыс жасай алмағанымды, басшылық тарапынан ескертулер болғанын ауызша айтты. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма және не істеймін? Үш ай жұмыс істегенде басшылықтан ешқандай ескерту алған емеспін және еңбек тәртібін бұзған жоқпын. 16 қаңтар 2014, 00:00 3 095 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қиын әрі қауіпті қызмет - Журналистермен болған кездесуде әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВ жол-патруль қызметі құрылғаннан кейін көліктерді полицейлер тек ЖПҚ арнайы постыларында ғана тоқтататындығын әлденеше рет мәлімдеген еді. Алайда полицейлердің көліктерді кез келген жерде тоқтатуы жалғасуда... Бұған не себеп? 9 қаңтар 2014, 00:00 3 609 рет қаралды
Сұрақ-жауап Парызыңды ұмытпа! – Мен жалғызбасты зейнеткермін. Ұлым бар, бірақ бірнеше жылдан ешқандай көмек те көрсетпейді. Зейнетақым өмір сүруіме жетпейді. Ұлымның маған материалдық көмек көрсетуі үшін не істеуім керек? 9 қаңтар 2014, 00:00 2 166 рет қаралды
Сұрақ-жауап Таласқа түскен жер – Үш жыл бұрын жер телімін сатып алдым. Бірақ қаржылық жағдайға байланысты үй құрылысын биыл ғана бастадым. Өз жер теліміме келіп, онда үй салынып тұрғанын көргенде, таң қалдым. Көршім бәрін шатастырып алыпты. Мемлекеттік акт бойынша оған менің жерімнің қасындағы телім тиесілі. Мен оған жер телімімді сатып алуды ұсындым, бірақ ол үйді аяқтап қалғанын айтып, бас тартып отыр. Бұл жағдайда қалай болмақ? 9 қаңтар 2014, 00:00 2 287 рет қаралды
Сұрақ-жауап Аса ерекше аймақта – Менің ресми тіркелген екі аңшылық қаруым бар. Олар арнайы сейфте сақтаулы. Соңғы рет құжаттарды қайта ресімдеген кезде (бұл 5 жылда бір рет жасалады) ІІБ-дегілер қаруды сейфте сақтағаннан бөлек, бүкіл пәтерді дабыл жүйесімен жарақтауға тиіс екенімді айтты. Бұл талапқа қандай негіз бар? 9 қаңтар 2014, 00:00 2 123 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тышқанға тұзақ құру – Біз Яблочный өткелінде тұрамыз, ол жерде бар болғаны екі қабатты үш ескі үй бар. Үйімізде тышқан қаптап кетті, төбені кеміріп болып, басымызға құлайтынды шығарды, жер-жерде жүгіріп жүр. Біз СЭС-ке хабарластық, бірақ олар бізде ПИК жоқ болғандықтан арызымызды қабыл алған жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2014, 00:00 4 631 рет қаралды
Сұрақ-жауап №13 үйдің мәселесі – Алмагүл ықшамауданындағы №13 үйдің жертөлесі үнемі суға толады, алайда коммуникациялар апатты емес секілді. Үйге қызмет көрсететін «А. Эпиташвили» ЖК күніне екі рет ағын суларды тартып алады, бірақ бұл қашанға дейін созылмақ? 19 желтоқсан 2013, 00:00 2 141 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мұраға қалған қарыз – Мен жақсы араласқан көршіме біраз ақшаны қарызға берген едім. Оны жыл ішінде беретін болып келіскен едік, бірақ өкінішке орай, көршім бір ай бұрын кенеттен қайтыс болды. Пәтер мәселесін шешуге ұлы келген кезде мен оған қарызды қайтару жөнінде айтқан болатынмын. Бірақ қолхатты көрсетсем де, ол ешқандай қарыз туралы естімегенін, оны қайтармайтынын, өйткені ақша алмағанын айтты. Не істесем екен? 19 желтоқсан 2013, 00:00 3 008 рет қаралды
Сұрақ-жауап Басқармадан құтыла алмайды – Көлік жүргізу куәлігін тек жол полициясы басқармасынан ғана емес, электронды үкімет порталы арқылы да алуға болады деп естідім. Мен автомектептегі сабағымды аяқтап қалдым. Осы туралы толық білгім келеді. 19 желтоқсан 2013, 00:00 2 226 рет қаралды
Сұрақ-жауап Үй қашан беріледі? - Мен 2001 жылы тұрғын үй кезегіне тіркелген едім. Жолдасым қайтыс болған, екі балам бар, олар да жанұялы болып, сәби сүйіп отыр. Қазіргі уақытта тұрып жатқан уақытша үйіміз бізге тарлық етуде. Маған тұрғын үй қай уақытта беріледі екен? 19 желтоқсан 2013, 00:00 4 418 рет қаралды
Сұрақ-жауап Себетіңіз бос болса – Мен жалғызбасты анамын. Сәбиімнің әкесінен ешқашан көмек алған емеспін. Оған тұрмысқа шыққан жоқпын, оның қазір қайда екенін де білмеймін. Мемлекеттен қандай да болмасын көмек, жәрдемақы, жеңілдік ала аламын ба? 12 желтоқсан 2013, 00:00 1 870 рет қаралды
Сұрақ-жауап Келешектегі камералар – 2012 жылы бізге, Жеті Қазына ықшамауданындағы №1-9 үйлерге бейнебақылау камераларын орнатуға уәде берген еді. Қалалық әкімдікке сұрау салғанымызда бізге 2013 жылдың аяғына дейін Атырау облыстық ІІД-нің №3, 5 және 9 үйлерге бақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. Жыл аяқталып қалды, бірақ жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Біздің ауламызда бесқабатты 9 үй бар. Көлік өте көп, түрлі жағдайлар орын алады. Камераларды орнатуды жеделдетуге болмай ма? 12 желтоқсан 2013, 00:00 2 262 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қос жаза алды – Жақында інім жол-қозғалысы ережесін бұзып, апатқа ұрындырды. Апат нәтижесінде рөлде отырған қыз орташа ауырлықта зақым алды. Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 468-1-бабы бойынша інімді жол қозғалысы ережесін бұзуда және көлік құралын пайдалануда кінәлі деп тауып, екі жылға көлік басқару құқығынан айырып, 432 750 теңге айыппұл салды. Судья өте қатал болды деп есептеймін. Тек айыппұлмен ғана шектелуге болмас па еді? Інім ешқайда жұмыс істемейді, көлікпен ол нандығын тауып отырған еді. Біз сот қаулысына қатысты жоғарғы инстанцияға шағымданбақпыз. 12 желтоқсан 2013, 00:00 2 445 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тасымал көлігі тапшы – Біз СМП-136, Депо және Қара депо ықшамаудандарында тұрамыз. Бізден қаланың оң жақ жағалауына дейін баратын тікелей маршрут жоқ. Бұрын №15 маршрут болған еді, бірақ оны алып тастады. Ол бізге өте қолайлы болатын, өйткені маршруттар №9 және 13 мектептердің жанынан өтетін. Енді біз оң жақ жағалауға дейін басқа маршруттарға ауысып мініп, жетуге мәжбүрміз. Бұған 2 сағаттай уақыт және күн сайын бірнеше жүз теңгеден кетеді. Балалар мектепке жаяу барады. Қыс басталғанда жағдай қиындап кетеді. Таяу уақытта ықшамаудандарды қаланың оң жақ жағалауымен байланыстыратын маршрутты қалпына келтіру жоспарда бар ма? 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 343 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тіліңізді көрсетіңіз – Атырауда телефон қоңырауына ең алдымен ағылшын тілінде жауап беретін сервистік компаниялар көп. Жақында SOS емханасына қоңырау шалып едім, ол жерде автоматты түрде жауапты ағылшын тілінде береді. Бұған қатысты қазақстандық заңнамада қандай да болмасын талаптар бар ма? Заңдылықтың сақталуына кім бақылау жасайды? 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 025 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қақпа алдындағы жол – Өркен ықшамауданындағы №34 көшеге электр тарату желісінің тіреулері жүргізілген. Тіреулер көшедегі үйлердің тақ бетінен санағанда 15 метр жерде және жұп бетінде 10 метрдей жерде орналасқан. Жол қызметкерлері жол сала бастағанда, алдымен 15 метрдей бос жерді қолға алды. Бірақ әрі қарай оларға құдық кедергі келтіріп, жол тегістейтін катокты көшенің қарама қарсы бетіне бұрып жіберді. Егер солай болса, асфальт менің қақпама өте жақын салынады. Үйіме жүргізілген электр желісі мен газ құбыры асфальт астында қалмақ. Оның үстіне, немерелеріме сәт сайын көлік астында қалу қаупі төнеді. Бұл жағдайды өзгертуге мүмкіндік бар ма? 5 желтоқсан 2013, 00:00 1 830 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ақша болса, асфальт та болады – Біз Самал ықшамауданындағы №17 көшеде тұрамыз. Жолсызбен жүрсе, «Нұрсая бұрылысы» аялдамасына дейін тұтас бір шақырым, ал асфальтпен - одан да алыс болады. №4 маршрут «Болашақ» тұрғын үй кешеніне дейін, ал №30а маршруты әуежайға дейін барады. Олар Самалға соқпайды. Самал ықшамауданына дейін баратын маршрут қашан ашылады? Біздің ауданымызға асфальт төсеу қашан жалғасады? 5 желтоқсан 2013, 00:00 1 854 рет қаралды
Сұрақ-жауап Үрлесем бе екен? – Мен Теңіз кенішінде «Денхолм Жолдас» компаниясында вахталық әдіспен жұмыс жасаймын. Күн сайын таңертең сағат 4-тен 6-ға дейін алкотестілеуден өтеміз. Бұған қарсылығым жоқ, бірақ бір рет емес, көп мәрте қолданылатын мүштіктер пайдаланылады. Әрине, оларды өңдеуден өткізеді ғой, бірақ бұл дұрыс емес деп есептеймін. Медицина қызметкерлерінен өз күдігімнің дұрыс-бұрыстығын сұраған едім, олар өзіммен бірге мүштіктерді алып кетуді ұсынды. 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 023 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тегіңізді өзгерте аласыз – Неке тіркеу кезінде күйеуімнің тегін алған жоқпын. Ал қазір күйеуімнің тегіне жазылған сәбиіміз дүниеге келген соң, мен де тегімді ауыстырғым келеді. Енді күйеуімнің тегін ала аламын ба және ол үшін не қажет? 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 038 рет қаралды
Сұрақ-жауап Асфальт келесі жылы төселеді - Біздер Өркен ықшамауданы (Жұмыскер-2) тұрғындарымыз, біз тұратын №34 көше әлі күнге асфальтталмаған, жақында мамандар келіп, жол салынады деп, біздерге оның картасын көрсеткен болатын, бірақ күн суытып кетті, ал асфальт төселе қойған жоқ. 28 қараша 2013, 00:00 2 069 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі бақылауға алынған – АЖЭО пәтерішілік ыстық сумен қамту есептегішін тексеруді талап етіп, тексеру кезінде ыстық сумен қамту төлемақысы тұтыну нормасы бойынша алынатынын айтты. Осы дұрыс па? 28 қараша 2013, 00:00 2 104 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ең болмаса газ берсе екен! - Біз Жұлдыз-3 ықшамауданының тұрғындарымыз, биыл үй салып көшіп келгенбіз. Су мен асфальтты айтпай-ақ қояйын, бізге газ қашан беріледі екен? Біздер жерімізді пайдаланбағандықтан кері қайтарып алады деп қорқып, үй салып, биыл міндетті түрде газ беріледі дегесін, пеш салмай, қазандық орнатып едік. Ал қазір күн суытып кетті, үйіміз салқын, кішкентай балаларымыз ауырып жатыр. 28 қараша 2013, 00:00 2 227 рет қаралды
Сұрақ-жауап 50 пайыздан аспауы тиіс - Жұмыс беруші қызметкері-нің қарыздарын өтеу мақсатын-да жалақысын толық көлемде ұстай ала ма? 21 қараша 2013, 00:00 2 168 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жолақы– ата-анадан - Оқу үздіктері мектептегі каникул кезінде Көкшетаудағы Бурабай лагерінде тегін демалады дегенді естігенмін. Ал бізден мектепте жолдама алу үшін 30 мың теңге талап етіп жатыр. Бұл дұрыс па? 21 қараша 2013, 00:00 2 348 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дивидендтер болашақта болады - 1993 жылы ата-анам АМӨЗ-дің қарапайым (артықшылық берілген емес) акцияларын сатып алды. Олар дивидендтерді тек бір-ақ рет - 1998 жылы алды. АМӨЗ ЖШС болып қайта құрылғанда, мен 30 мың төлеп, құжаттарымды кері ресімдедім. Неге 20 жыл ішінде қарапайым акциялар бойынша дивидендтер бір рет төленді? Осы акциялар бойынша дивидендтерді төлеу қашанға жоспарланып отыр? Олардың құны бар ма? 21 қараша 2013, 00:00 2 298 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жүйе осындай – Мен басқа жүкті әйелдер секілді есепке тұрғым келген еді. Гинекологқа жолдама жазып беретін терапевт дәрігердің кезегінде 2 сағаттан астам уақыт тұрдым. Ал ол маған бар болғаны кадастрлық нөмірді ғана берді. Келесі күні гинекологқа келдім. Сағат 10.00-де кезекке тұрған кезде менің алдымда 13 әйел тұрды. Мен дәрігерге тек 3 сағаттан кейін кірдім. Әр барған сайын жұмыстан сұранып кетуге тура келеді... 14 қараша 2013, 00:00 2 443 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дәлел болу керек – Компания басшысы бола тұра, лажсыз жағдайға тап болып отырмын. Компания қызметкерлерінің арасында біліксіз қызметкер бар. Өз жұмысын орындаса, қалай-солай ыждағатсыз атқарады, үнемі тәртіп бұзады. Өткен жылы онымен еңбек келісімшартын бұзған едім, бірақ ол өз құқығын сотта қорғап, қайта жұмысқа алынды. Дегенмен, жұмысқа қайта алынғаннан кейін оның кәсіби қабілеті керемет бола қойған жоқ. Ескерту берілсе, оны елең қылмайды. Бір жағдай бола қалса, қайтадан сотқа шағымданатынын меңзейді. Мұндай бойкүйез адамнан құтылудың еш амалы болмағаны ма? 14 қараша 2013, 00:00 3 170 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек демалысын бөлек алуға болады – Еңбек демалысына шыққан кезде ауырып қалдым, демалысымда демала алмай, емделдім. Еңбек демалысымды ұзарта аламын ба? 7 қараша 2013, 00:00 4 295 рет қаралды
Сұрақ-жауап Өмір - Жарғы бойынша, пәтер - заң бойынша – Мен әскери қызметкермін, биылғы жылдың желтоқсанында менің еңбек сіңірген өтілім 10 жылды құрайды. Жұбайымыз екеуміздің кәмелетке толмаған екі баламыз бар. 2 жыл бұрын қызметтік пәтер берді. Мен қазір қызметтік баспанамды жекешелендіре аламын ба? Біздің әскери бөлімшенің заңгері түсіндіргендей, заң бойынша мен мұны зейнеткерлікке шыққан кезде немесе еңбек еткеніме 20 жыл толғанда жасай алады екенмін. Осы дұрыс па? 7 қараша 2013, 00:00 2 496 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қайтарымы бар сыйлық - Менің қарындасым жұбайы екеуі пәтер жалдап тұрады, олардың өз үйлері жоқ. Күйеуінің тұрақты жұмысы жоқ, негізінен қарындасымның жалақысына күн көріп отыр. Мен оған пәтер сыйлағым келеді, алайда қарындасыма бір нәрсе болып қалса, жұбайына мұрагерлікке қалуын қаламаймын. Осыған жол бермейтіндей етіп пәтерді ресімдеуге бола ма? 7 қараша 2013, 00:00 2 070 рет қаралды
Сұрақ-жауап Табыс болса, салық та бар - Мен шет тілдерді оқыту курсында оқытушы болып штаттан тыс жұмыс жасаймын, жасаған нақты сағатым бойынша ғана жалақы аламын, штаттық жалақы төлемейді, алайда табыс салығы мен зейнетақылық аударымдар ұстайды. Бұған дейін штаттық қызметкер болып жұмыс жасағанмын, ал қазір штаттан тыс еңбек етемін. Шартқа әлі қол қойған жоқпын, салық төлеуден бас тарта аламын ба? 7 қараша 2013, 00:00 2 841 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алдымен үй, акт содан соң – Қалалық әкімдікте жер пайдалануға мемлекеттік акт бойынша мәселелер неліктен ұзақ шешіледі? Мен қалалық жер бөліміне жер актісін 2013 жылдың 23 қаңтарына дейін ұзарту туралы өтініш жазған едім. Дайындау уақыты талонда 2013 жылдың 4 наурызы деп көрсетілген. Акт әлі күнге дейін дайын емес. Біз үй салуды жоспарлап отырмыз, үйдің іргетасын құйып қойдық. Бірақ жер телімінде уақытша баспана тұрғызылғандықтан, тұрақты актіні ресімдей алмаймыз. Тек уақытша акт қана бар, ол 2 жылға беріледі. Бірақ біз өзіміздің қаржылық мүмкіндігімізге қарай салып жатырмыз. Ал БТИ-дағылар уақытша баспананы тұрғын үй деп есептеп, тұрақты мемлекеттік актіні ресімдеуге болатынын, алайда қайта ресімдеу кезінде проблема туындап, олар енді құжаттарды өзгерте алмайтындықтарын айтты. 31 қазан 2013, 00:00 5 597 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кемшілігі бар мұрагер – Жасым 64-те, зейнеткермін. Ұлыммен, келініммен және немерелеріммен бірге кезінде мемлекеттен алған үш бөлмелі пәтерде тұрамын. Биылғы жылдың ақпанында ұлыма сыйға тарту құжатын ресімдедім. Бастапқыда бәрі де жақсы болатын, бірақ 4 айдан бері ұлым өзгеріп шыға келді. Үйге үнемі ішіп келіп, ұрыс-керіс шығарып, әйелімен арадағы проблемаға мені кінәлайтын болды. Ең бастысы, басқа қалада отбасымен бірге тұратын қызыма көшіп баруға меңзейтін болды. Жақында ол мені ұрып-соғып, құжаттарды тартып алды. Мен милицияға шағымдандым. Оны 5 тәулікке қамауға алған еді, бірақ одан сайын жаман боп кетті. Енді ол үйден қуып жіберемін немесе қарттар үйіне апарып тастаймын деп ашықтан-ашық қоқан-лоққы көрсететін болды. Сыйға тарту шартын жоя аламын ба? 31 қазан 2013, 00:00 2 243 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кері жол жоқ – Анамыз қайтыс болғаннан кейін пәтері қалған еді. Біз оны онымен бірге тұрған ініміздің атына ресімдегіміз келеді. Мұны қалай жасауға болады? – 2003 жылы күйеуіме әкесінен мұраға пәтер қалған болатын. Күйеуімнен басқа тағы мұрагерлері болды. Анасы мен әпкесі пәтердің отбасындағы жалғыз ұлға тиесілі болуына қарсы болмай, күйеуімнің пайдасына өз үлестерінен бас тартқан болатын. Енем 2011 жылға дейін осы пәтерде бізбен бірге, күйеуімнің әпкесі өз отбасымен бөлек тұрды. Содан кейін енем қызына көшіп баруды ұйғарды. Қазір біз пәтерімізді сатып, жаңа үй алуды немесе салуды шешкен едік. Бірақ күйеуімнің анасы мен әпкесі қарсы болып отыр. Олар өздеріне үлестерін төлеуді талап етіп, сот арқылы мұрадан бас тарту шешімін жоямыз деп қоқан-лоққы танытып отыр. Олар бұлай жасай ала ма? 31 қазан 2013, 00:00 2 397 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мердігерлер уәдесінде тұрмады – Алмагүл ықшамауданындағы үйлердің цокольді қабаттарын балаларға арналған шағын орталықтар етіп қайта жарақтау жоспарланған еді. Бірақ қазір терезелері қирап, жылу тұрбаларының қатып қалу қаупі төніп тұр. Бұдан басқа, алақол тұрғындар ол жерге қоқыстар тастайды, ал бомждар от жағады. Біздің ықшамаудандағы цокольді қабаттардың тағдыры қашан шешіледі? Цокольдерді балалардың шағын орталықтарына қайта жарақтаумен айналысқан мердігерлерге не болды? 24 қазан 2013, 00:00 1 996 рет қаралды