Атырау, 28 желтоқсан 23:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қайтарымы бар сыйлық

1 935 просмотра

- Менің қарындасым жұбайы екеуі пәтер жалдап тұрады, олардың өз үйлері жоқ. Күйеуінің тұрақты жұмысы жоқ, негізінен қарындасымның жалақысына күн көріп отыр. Мен оған пәтер сыйлағым келеді, алайда қарындасыма бір нәрсе болып қалса, жұбайына мұрагерлікке қалуын қаламаймын. Осыған жол бермейтіндей етіп пәтерді ресімдеуге бола ма?

Сұраққа «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА жауап береді:

- Теориялық тұрғыдан бұлай жасауға болады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларында сыйға берушінің сыйлық беруден бас тарту құқығын беретін жағдайлар қарастырылған.

ҚР Азаматтық Кодексінің 512-бабы 4-тармағына сәйкес, сыйға беру шартына егер сыйға беруші сыйға алушыдан ұзақ өмір сүрсе, сыйға беруден бас тарту құқығын белгілейтін талап енгізуге болады.

Сондықтан да пәтерді сыйға беру шартын нотариуста ресімдегенде сыйға беруші ретінде егер қарындасыңыздан ұзақ өмір сүрсеңіз, яғни, ол бақилық болғаннан кейін сыйлық беруден бас тартатыныңызды көрсетуіңіз керек, бұл жағдайда пәтер оның жұбайына мұраға қалмайды.

Сонымен қатар, есіңізге салып кетейін, сыйға алғаннан және пәтерді өз атына ресімдегеннен кейін қарындасыңыз оның толық-қанды иесі болып табылады, яғни, сіздің рұқсатыңызсыз оны сатуға, ауыстыруға, сыйға беруге, тіпті, өз ажалынан кейін біреуге мұрагерлікке қалдыруға құқылы.

7 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.