– Еңбек демалысына шыққан кезде ауырып қалдым, демалысымда демала алмай, емделдім. Еңбек демалысымды ұзарта аламын ба?
Телефон арқылы
Сұраққа «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА комментарий берді:
– Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы қызметкердің демалуына, жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге, денсаулығын нығайтуға және қызметкердің басқа да жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жұмыс орны (лауазымы) мен орташа еңбек ақысы сақталып, белгілі бір мөлшердегі күнмен ұсынылады. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын сырқатына, яғни уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты ұзартуға болады. ҚР Еңбек кодексінің 108-бабымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың немесе ұзартудың жағдайлары қарастырылған.
ҚР Еңбек кодексінің 108-бабының 1-тармағына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы: қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған; егер бұл үшін заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Осыған байланысты, егер қызметкерде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдалану кезінде жағдайлардың бірі – еңбекке уақытша жарамсыздық болған, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, мемлекеттік міндеттерді орындау орын алса, онда демалыстың бір бөлігін ауыстыру немесе ұзарту құқығы туындайды.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы немесе оның бір бөлігін ұзарту немесе ауыстыру шешімін қызметкерді өзі ұйғарады. Егер демалысыңызды ұзартқыңыз келмесе, оны ауыстыра аласыз. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта бөлек берілуі мүмкін. Менің пікірімше, сіз әлі емделіп жүрсеңіз және сізде еңбекке жарамсыздық бетшесі ашылған болса, сіз демалыс кезінде өз сырқатыңыз туралы және кезекті жыл сайынғы еңбек демалысына ауыстыру немесе ұзарту туралы өз шешіміңіз туралы басшыңызға хабардар етуге тиістісіз.