Атырау, 29 маусым 02:07
 снегВ Атырау +17
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Келешектегі камералар

2 383 рет қаралды

– 2012 жылы бізге, Жеті Қазына ықшамауданындағы №1-9 үйлерге бейнебақылау камераларын орнатуға уәде берген еді. Қалалық әкімдікке сұрау салғанымызда бізге 2013 жылдың аяғына дейін Атырау облыстық ІІД-нің №3, 5 және 9 үйлерге бақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. Жыл аяқталып қалды, бірақ жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Біздің ауламызда бесқабатты 9 үй бар. Көлік өте көп, түрлі жағдайлар орын алады. Камераларды орнатуды жеделдетуге болмай ма?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД бастығының міндетін атқарушы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ жауап берді:

– Мемлекеттік «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша 2013 жылы Жеті Қазына ықшамауданында 2 бейнебақылау камерасы орнатылды. Олар жыл аяғына дейін іске қосылатын болады. Сондай-ақ, 2014 жылы Жеті Қазына ықшамауданындағы №3, 5 және 9 үйлердің аулаларына тағы үш бақылау камерасын орнатып, іске қосу жоспарланып отыр.

12 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.