Атырау, 28 желтоқсан 10:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

№13 үйдің мәселесі

1 974 просмотра

– Алмагүл ықшамауданындағы №13 үйдің жертөлесі үнемі суға толады, алайда коммуникациялар апатты емес секілді. Үйге  қызмет көрсететін «А. Эпиташвили» ЖК күніне екі рет ағын суларды тартып алады, бірақ бұл қашанға дейін созылмақ?

Телефон арқылы

Сұраққа «АтырауСуАрнасы» КМК-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Александр ПАСТУХОВ жауап берді: «3 желтоқсанда «АтырауСуАрнасы» КМК мамандары Алмагүл ықшамауданының №13 үйінің жертөле орынжайына тексеру жүргізді. Тұрғын үй ауданында «АтырауСуАрнасы» КМК су құбыры мен кәріздік жүйелерінен су аққан жерлер анықталмады. Цокольді қабаттың төбесімен өтетін жылу жүйесі, ыстық және салқын сумен қамту жүйесінің жертөледегі желілерінен де ақау табылмады.

Сол күні жертөлеге үйге жылу желісі жүргізілген жерден жаңбыр суы ағатындығы байқалды.

Бұдан басқа, жертөле орынжайында кәріздік ажыратқыш бұзылған. Суға кетудің толық көрінісін білу үшін жерасты суларының тереңдік деңгейін анықтау қажет. Өйткені үйдің жертөле орынжайы жер қабатының деңгейінен төмен орналасқан.

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.