Атырау, 28 желтоқсан 10:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

50 пайыздан аспауы тиіс

2 027 просмотра

- Жұмыс беруші қызметкері-нің қарыздарын өтеу мақсатын-да жалақысын толық көлемде ұстай ала ма?

Телефон арқылы

Сұраққа заңгер Нұрбол АЛДИЯРОВ жауап береді:

- Қызметкердің жұмыс беруші алдында қарызы, мәселен, түсімнің жетпей қалуынан қалыптасуы мүмкін (сауда қызметкерлерінде жиі кездеседі). Жетпей қалу міндетті түрде құжаттармен расталуы тиіс. Сондай-ақ, бұл артық төленген жалақы болуы да мүмкін. ҚР Еңбек Кодексінің 137-бабы 2-тармағында қызметкердің жұмыс беруші алдындағы қарызын өтеу үшін жалақысынан ұстауға рұқсат берілген. Ақша ұстау тек қызметкердің міндетті келісімі бар жұмыс беруші актісінің негізінде немесе сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Алайда ай сайынғы ұстау мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының 50%-ынан аспауы керек.

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.