Атырау, 6 желтоқсан 09:05
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Аса ерекше аймақта

2 111 рет қаралды

– Менің ресми тіркелген екі аңшылық қаруым бар. Олар арнайы сейфте сақтаулы. Соңғы рет құжаттарды қайта ресімдеген кезде (бұл 5 жылда бір рет жасалады) ІІБ-дегілер қаруды сейфте сақтағаннан бөлек, бүкіл пәтерді дабыл жүйесімен жарақтауға тиіс екенімді айтты. Бұл талапқа қандай негіз бар?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД-нің лицензиялау және қарудың айналымына бақылау жасау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Талғат УСИЕВ жауап берді:

– Қару иесіне жаңсақ түсіндірген болуы керек. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің 2000 жылғы 3 тамыздағы №1176 «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» үкімет қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жобасы жасақталуда. Мәселе мынада, республика аумағында пәтер ұрлығы көп тіркелді. Онда басқа мүліктермен қатар үйде сақталған қарулар да қолды болған. Осыған байланысты министрлік ұсыныс жобасын әзірлеуде, ал сол жерлерде қару қожайыны ретінде дабыл жүйесін орнату түріндегі қосымша шаралардың қажет екендігіне қалай қарайтындығы туралы жұртшылық пікірінің мониторингісі жүргізіледі.

9 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.