Атырау, 28 желтоқсан 10:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Себетіңіз бос болса

1 658 просмотра

– Мен жалғызбасты анамын. Сәбиімнің әкесінен ешқашан көмек алған емеспін. Оған тұрмысқа шыққан жоқпын, оның қазір қайда екенін де білмеймін. Мемлекеттен қандай да болмасын көмек, жәрдемақы, жеңілдік ала аламын ба?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіндегілер жауап берді:

– «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» ҚР заңы бойынша, егер отбасының орта есеппен жанға шаққандағы табысы облыста бекітілген азық-түлік себеті құнынан төмен болса, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері – айына әр сәбиге 1 АЕК (1 731 теңге).

Сонымен қатар, орта есеппен жан басына шаққанда табысы кедейлік шегінен (2013 жылдың IV тоқсанында күнкөріс минимумының 40%-ын құрады) төмен аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.

Тұрғын үй көмегі белгілі бір жерде тұрақты мекендейтін және меншік иесі болып табылатын немесе баспананы жалдаушы (жалға алушы) тұлғаларға бюджет қаржысы есебінен көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және балалар жәрдемақысын беру бойынша сіз жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөліміне хабарласа аласыз.

12 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.