– АЖЭО пәтерішілік ыстық сумен қамту есептегішін тексеруді талап етіп, тексеру кезінде ыстық сумен қамту төлемақысы тұтыну нормасы бойынша алынатынын айтты. Осы дұрыс па?
Л.С., Авангард, 3 м/а
Сұраққа ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті басшысының міндетін атқарушы Райхан МИЗАМҒАЛИЕВА жауап берді:
– Есептегіштер үшін тексеру аралығы оның техникалық төлқұжаты бойынша белгіленеді. Тексеру мерзімі есептегіштің түріне байланысты болады. Есептегіш аспабын тексеру соңғы тексеру уақыты туралы белгі қойылатын тексеру аралығы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Белгілі бір аспап түрінің тексеру аралығы сол уақыттан бастап есептеледі.
Сонымен қатар Жылу энергиясын пайдалану ережесіне (әрі қарай - Ереже) сәйкес, коммерциялық есеп аспабын тексеру тұтынушының немесе энергия өндіретін мекеменің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмән келтірген жағдайда жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес, коммерциялық есеп аспабына тексеру жүргізу туралы өтініш тұтынушыны тұтынылған жылу энергиясын төлеуден босатпайды. Мұнда тұтынылған жылу энергиясы үшін тұтынушы есептеу аспабы көрсеткішінің негізінде есеп айырысады. Ал егер тұрмыстық тұтынушының есептеу аспабы жоқ болса, ұсынылған ыстық сумен қамту қызметінің көлемі пәтерде заңды түрде тұрып жатқан азаматтардың саны бойынша тұтыну нормасымен анықталады. Атырау қаласы, Молдағалиев көшесі, 31 мекен-жайы бойынша «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ облыстық филиалынан метрологиялық тексеру жүргізуге болады.