Атырау, 6 желтоқсан 09:03
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Тасымал көлігі тапшы

2 333 рет қаралды

– Біз СМП-136, Депо және Қара депо ықшамаудандарында тұрамыз. Бізден қаланың оң жақ жағалауына дейін баратын тікелей маршрут жоқ. Бұрын №15 маршрут болған еді, бірақ оны алып тастады. Ол бізге өте қолайлы болатын, өйткені маршруттар №9 және 13 мектептердің жанынан өтетін. Енді біз оң жақ жағалауға дейін басқа маршруттарға ауысып мініп, жетуге мәжбүрміз. Бұған 2 сағаттай уақыт және күн сайын бірнеше жүз теңгеден кетеді. Балалар мектепке жаяу барады. Қыс басталғанда жағдай қиындап кетеді. Таяу уақытта ықшамаудандарды қаланың оң жақ жағалауымен байланыстыратын маршрутты қалпына келтіру жоспарда бар ма?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау қаласының әкімі Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап берді:

– Әскери бөлімше маңындағы теміржол өткелін қайта жарақтау салдарынан №15 маршрут тоқтатылған болатын. Көлік құралдарының негізгі ағымы СМП-136 ықшамауданы мен Элеваторный көшесінің бойымен қозғалып, ретсіз кептелістер туғызатындықтан, жолаушылар тасымалын нашарлатып, қозғалыс аралығын алшақтатады. Осыған қарамастан тұрғындардың өтініші бойынша осы бағыттағы қозғалысты қалпына келтіру үшін қалалық ТКШ бөлімі «АйсТрансХолдинг» ЖШС-не (өйткені бұл серіктестік осы бағытқа қызмет көрсетеді) №4 және №30а бағытындағы автобустардың қозғалыс сызбасын өзгертуге немесе жаңа маршрут ашуға тапсырма берді. Бұл мәселе қалалық және қала маңындағы маршруттарға қызмет көрсетудің ашық конкурсын өткізу кезінде қарастырылатын болады.

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.