Атырау, 28 желтоқсан 09:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Тегіңізді өзгерте аласыз

1 922 просмотра

– Неке тіркеу кезінде күйеуімнің тегін алған жоқпын. Ал қазір күйеуімнің тегіне жазылған сәбиіміз дүниеге келген соң, мен де тегімді ауыстырғым келеді. Енді күйеуімнің тегін ала аламын ба және ол үшін не қажет?

Телефон арқылы

Жауапты электронды үкіметтің ақпараттық қызметінің call-орталығынан алдық:

– Сіз некеге тіркелгеннен кейін біраз уақыт өткен соң өз фамилияңызды күйеуіңіздің фамилиясына ауыстыруға құқылысыз. Бұл қызмет «Тегін, есімін, әкесінің атын өзгерту» деп аталады. Тегіңізді ауыстыру үшін сізге тіркелген жеріңіз бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тиісті өтініш жазып, өзіңіздің жеке бас куәлігіңізді, неке қию туралы куәлігіңізді, 2 фотосурет пен 2 АЕК (2 462 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегендігі туралы түбіртекті ұсынуыңыз керек. Өтініш 15 күн ішінде қаралады. Егер құжаттардың бәрі дұрыс болса, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен тегіңіздің өзгергендігі туралы куәлікті аласыз. Әрі қарай, тегіңіздің өзгеруіне байланысты берілген куәліктің негізінде сізге міндетті түрде жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды және өз қалауыңызша басқа да құжаттарды ауыстыру қажет болады.

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.