– Атырауда телефон қоңырауына ең алдымен ағылшын тілінде жауап беретін сервистік компаниялар көп. Жақында SOS емханасына қоңырау шалып едім, ол жерде автоматты түрде жауапты ағылшын тілінде береді. Бұған қатысты қазақстандық заңнамада қандай да болмасын талаптар бар ма? Заңдылықтың сақталуына кім бақылау жасайды?
Телефон арқылы
Сұраққа облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қилымғали ҚАЙНЕНОВ жауап берді:
– «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 8-бабына сәйкес, мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Мемлекеттiкемесұйымдардыңжұмысындамемлекеттiктiлжәнеқажетболғанжағдайдабасқатiлдерқолданылады.
Аталмыш заңның 22-бабында айтылғандай, Қазақстан Республикасының шегінде байланыс саласында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Заңның бұл нормалары Қазақстан аумағында жұмыс жасайтын шетелдік капиталдың қатысы бар кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметіне де таралады.
Осы хаттың негізінде SOS емханасының қызметіне тілдер туралы заңнаманың сақталуына қатысты тексеру жүргізетін боламыз.
В Атырау +3