- 1993 жылы ата-анам АМӨЗ-дің қарапайым (артықшылық берілген емес) акцияларын сатып алды. Олар дивидендтерді тек бір-ақ рет - 1998 жылы алды. АМӨЗ ЖШС болып қайта құрылғанда, мен 30 мың төлеп, құжаттарымды кері ресімдедім. Неге 20 жыл ішінде қарапайым акциялар бойынша дивидендтер бір рет төленді? Осы акциялар бойынша дивидендтерді төлеу қашанға жоспарланып отыр? Олардың құны бар ма?
Сырым Рухоллаұлы Әбіл
Сұраққа АМӨЗ ЖШС-нің бас директоры Қайрат ОРАЗБАЕВ жауап береді:
- Зауыт акционер-қатысушылардың жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, 1998 жылы қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеген жоқ. Алайда 2004 жылы артықшылықтар берілген акциялар бойынша төлем жүргізді. 2004 жылы «АМӨЗ» ААҚ акционерлердің 2004 жылғы 31 мамырдағы жалпы жиналысының шешімі негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгерту жолымен қайта құрылып, «АМӨЗ»ЖШС болды және сәйкесінше, зауыт акциялары үлеске айналды. Тәуелсіз тіркеуші «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеушісі» АҚ-тың ақпараттарына сәйкес, Сырым Рухоллаұлы Әбілдің үлестері бар. зауытқа қайта жаңғырту жүргізу үшін қосымша қаржылар тартылды, соның ішінде Жарғылық капиталды қатысушылардың қосымша жанама салымдар салу есебімен арттыру да жүзеге асырылды. «АМӨЗ» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жиналысында 1999-2012 жылдардағы қаржылық-шаруашылық қызметтердің қорытындысы бойынша жиынтық кірісті (дивидендтерді) таратпау туралы шешім қабылданды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша «АМӨЗ» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысы әлі өткен жоқ.
АМӨЗ активтерін басқару жөніндегі бөлімнің қызметкері Ұлан САМЕШОВ ережелерге сәйкес зауыт кезекті жалпы жиналыстың өтетіні туралы республикалық газеттерге хабарландыру береді. Зауыттың негізгі құрылтайшысы – ҚазМұнайГаз, оған үлестің 99%-дан астамы тиесілі. Жыл сайын болатын жалпы жиналысқа 4 011 қатысушы ішінен тек 5-6 адам ғана қатысады. Жиналыста зауыттың бас есепшісі есеп береді. Осыдан кейін қатысушылар жиынтық кірісті бөлу керек пе, жоқ па, шешім қабылдайды. Жоғарыда айтылғандай, көп жылдар бойы қатысушыларға дивидендтер төленген жоқ.
ҚР «Шектеулі және қосымша жауапкершіліктері бар серіктестіктер туралы» заңның (әрі қарай – Заң) 11-бабы 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес зауыт қатысушысы өзіне тиесілі үлесті басқа тұлғаларға (қатысушыларға немесе үшінші тұлғаларға) өткізуге толықтай құқылы. Бір үлестің құны 1 теңгеге тең. Алайда үлестерді үшінші тұлғаға сатқанда Заңның сатылатын үлесті сатып алуға басымдық беретін құқық туралы 31-баптың талаптарын сақтау керек, яғни, үлестерді зауыттың басқа қатысушыларының сатып алуына мүмкіндік жасау қажет. Бұл үшін Басқарма Төрағасы – зауыттың бас директорының атына сатылатын үлестердің мөлшері мен беретін бағасы көрсетілген өтініш жазылады. Бұл өтініш www.anpz.kz сайтында жарияланатын болады. Үлестерді сату туралы ұсынысты хабарлағаннан кейін бір ай ішінде үлестерді толықтай немесе белгілі бір бөлігін зауыт қатысушылары немесе басымдық құқығы бар зауыттың өзі сатып алмаса, хабарламада көрсетілген бағадан төмен емес құнға үшінші тұлғаларға сатуға құқылы.