Атырау, 28 желтоқсан 10:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мұраға қалған қарыз

2 892 просмотра

– Мен жақсы араласқан көршіме біраз ақшаны қарызға берген едім. Оны жыл ішінде беретін болып келіскен едік, бірақ өкінішке орай, көршім бір ай бұрын кенеттен қайтыс болды. Пәтер мәселесін шешуге ұлы келген кезде мен оған қарызды қайтару жөнінде айтқан болатынмын. Бірақ қолхатты көрсетсем де, ол ешқандай қарыз туралы естімегенін, оны қайтармайтынын, өйткені ақша алмағанын айтты. Не істесем екен?

Телефон арқылы

Сұраққа «Слово Защиты»  адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА жауап берді:

– Бұл жағдайда сіздің көршіңіз қайтыс болғаннан кейін ол өмір сүрген кезде иелік еткен мүлікке мұра ісі ашылады. Сіздің айтуыңызша, пәтер мәселесін шешуге келген оның ұлы бар екен. Сондықтан ол бірінші кезектегі мұрагер болып табылады, әкесінің мүлкін өзіне рәсімдейтін шығар.

Сіз көршіңізге ақшаны қарызға берсеңіз, ал ол сізге бұл туралы қолхат берсе, бұл азаматтық заңнама нормалары бойынша біржақты келісім болып табылады. Ол келісім жасаған тұлға үшін міндеттемелер жүктейді. Ол заң актілерімен бекітілген жағдайларда немесе осы тұлғалар келіскен жағдайда басқа тұлғалар үшін міндеттеме туғызуы мүмкін.

Мұрагерлік құқықта қайтыс болған азаматтың мұрасы әмбебап құқықтық мирасқорлық жағдайында басқа тұлғаларға көшетіндігі көрсетілгенін айта кеткен жөн.

Басқаша сөзбен айтқанда, мұрагерлерге тек мұралық мүлік қана емес, сонымен қатар мұра қалдырушының мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары ғана емес, оның міндеттемелері де көшеді. Сондықтан ҚР Азаматтық кодексінің 1081-бабына сәйкес, мұра қабылдап алған мұрагерлер мұра қалдырушының міндеттемелері бойынша әр мұрагерге көшкен мүлік құнының шегінде ортақтас борышкерлер ретінде жауап береді.

Осыған байланысты, қайтыс болған көршісінің мұрагерлері мұра қабылдаған кезде мұра қабылдаумен қатар марқұмның қарыздарын да қабылдап, сізбен есептесуге міндетті.

Егер мұрагерлер ерікті түрде марқұмның қарыздарын төлемесе, марқұмның қарыз туралы қолхаты мен сіздің талабыңызды дәлелдейтін басқа да құжаттарды жалғап, олардан қарыз сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап-арыз беруге құқығыңыз бар.

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.