– Алмагүл ықшамауданындағы үйлердің цокольді қабаттарын балаларға арналған шағын орталықтар етіп қайта жарақтау жоспарланған еді. Бірақ қазір терезелері қирап, жылу тұрбаларының қатып қалу қаупі төніп тұр. Бұдан басқа, алақол тұрғындар ол жерге қоқыстар тастайды, ал бомждар от жағады. Біздің ықшамаудандағы цокольді қабаттардың тағдыры қашан шешіледі? Цокольдерді балалардың шағын орталықтарына қайта жарақтаумен айналысқан мердігерлерге не болды?
Сейітқалиев, Алмагүл ы/а, №28 үй
Қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімінің басшысы Серік ЖҰМАШБАЕВТЫҢ айтуынша, 2012 жылдың 28 маусымында «Қалалық құрылыс бөлімі» мекемесі мен «Снаб-ОйлСтрой» ЖШС арасында хаттама негізінде «Алмагүл ықшамауданы, №28 үй мекен-жайы бойынша тұрғын үйдің бірінші қабатын балабақша етіп қайта жарақтау» нысаны бойынша жұмыстарды орындауға келісімшарт жасалған. Мердігер жұмыстарды 2012 жылдың 30 желтоқсанына дейін орындауға міндеттелді, бірақ орындаған жоқ. Бұдан басқа, нысан күзетсіз қалып, вандалдар қиратып тастаған. 2013 жылдың 4 қаңтарында құрылыс бөлімі мердігерлік келісімшартты бұзу, игерілмеген бюджет қаржысын өндіріп алу, айыппұл санкциясын салу және жауапкерден жобалау-сметалық құжаттамасын алу туралы сотқа талап-арыз берді.
2013 жылғы 28 наурыздағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен құрылыс бөлімінің талаптары қанағаттандырылды. Атырау қаласындағы аяқталмаған құрылыстарды, соның ішінде Алмагүл ы/а, №28 үйдің цокольді қабатындағы нысанды күзету үшін құрылыс бөлімі «Күзет» ОБП» ЖШС-мен келісімшарт жасаған.