Атырау, 28 желтоқсан 09:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қақпа алдындағы жол

1 726 просмотра

– Өркен ықшамауданындағы №34 көшеге электр тарату желісінің тіреулері жүргізілген. Тіреулер көшедегі үйлердің тақ бетінен санағанда 15 метр жерде және жұп бетінде 10 метрдей жерде орналасқан. Жол қызметкерлері жол сала бастағанда, алдымен 15 метрдей бос жерді қолға алды. Бірақ әрі қарай оларға құдық кедергі келтіріп, жол тегістейтін катокты көшенің қарама қарсы бетіне бұрып жіберді. Егер солай болса, асфальт менің қақпама өте жақын салынады. Үйіме жүргізілген электр желісі мен газ құбыры асфальт астында қалмақ. Оның үстіне, немерелеріме сәт сайын көлік астында қалу қаупі төнеді. Бұл жағдайды өзгертуге мүмкіндік бар ма?

Н. Ғабдешев

Бұл сұрақты біз қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА жолдаған едік. Ол былай деп жауап берді:

- Қалалық сәулет бөлімінде Ғабдешевке бәрі түсіндірілді. Жол құрылысының жобасы өзгертілмейді.

5 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.