- Біздер Өркен ықшамауданы (Жұмыскер-2) тұрғындарымыз, біз тұратын №34 көше әлі күнге асфальтталмаған, жақында мамандар келіп, жол салынады деп, біздерге оның картасын көрсеткен болатын, бірақ күн суытып кетті, ал асфальт төселе қойған жоқ.
Телефон арқылы
Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ комментарий берді:
- 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 1-тармағына сәйкес «Нысандардың және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Аталған заңға сәйкес жасақталған жобалау-сметалық құжаттары бойынша Өркен ықшамауданының № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған көшелері ағымдағы жылы жобалау-сметалық құжаттарын жасақтауды қажет ететін көшелердің тізіміне енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Жұмыскер-2 поселкесінің көшелерін асфальттау жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары жасақталған, қаражат бөлінген уақытта жол құрылысының жұмыстары басталады.