Атырау, 30 мамыр 05:10
 дождьВ Атырау +13.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Қоғам

Кептерлерді қайтаруға уәде берілді Қоғам

Кептерлерді қайтаруға уәде берілді

Саяси қуғын-сүргін мемориалдық тақтасындағы кептердің жоғалуынан кейін жергілікті билік ақыры оған жауаптыны тапты. Естеріңізде болса, бізбұл мәселені осыдан бір ай бұрын қозғаған болатынбыз.Бірақ оған жауаптыны іздестіру бізді тығырыққа тіреген еді. 2 ақпан 2011, 00:00 3 920 рет қаралды
Қоғам

Емханалар өз пациенттерін қайта есептеуде

Емханалар жаңа жылдан бастап өздеріне бекітілген халықтың тіркелімдерін қалыптастыруға кірісті, ал, ол пациенттер тарапынан біраз наразылықтар туғызды. Жақын күндердің бірінде «АЖ» газетіне бір оқырман хабарласқан болатын: «Мен №2 қалалық емханаға қараламын. Учаскелік дәрігер келесі келгенімде өзіммен бірге жеке бас куәлігімнің көшірмесін ала келуімді сұрады және міндетті түрде онда ЖИН көрсетуді тапсырды. 2 ақпан 2011, 00:00 3 870 рет қаралды
Қоғам

Жұмыс жасап тұрған балабақшалар жеке иелікке өтпейтін болды

«АЖ» №3 санында, №24 («Счастливое детство») балабақшасы жеке қолға берілетіндігі туралы жазған болатынбыз. Жарияланымнан кейін «Счастливое детство» балабақшасына баратын бүлдіршіндердің ата-аналары осы шешімге қарсы шықты. 2 ақпан 2011, 00:00 4 287 рет қаралды
«Әуежай бұрынғы режимде жұмыс істей береді» Қоғам

«Әуежай бұрынғы режимде жұмыс істей береді»

Домодедоводағы лаңкестіктен кейін қазақстандық әуежайлар қауіпсіздік шараларын күшейтті. Мәселен, енді ақтөбелік әуежайға әдеттегідей кіре алмайды, оның кірер ауызына рамалы детектор орнатылған. Бірақ мұндай өзгеріс Атырау халықаралық әуежайында байқалмайды. 2 ақпан 2011, 00:00 4 085 рет қаралды
Мақаттан мұң арылар емес Қоғам

Мақаттан мұң арылар емес

Мақат ауданында коммуналдық мәселелерді шешуге миллиардтаған қаржылар бөлінсе де мұқтаждық сол күйінде қалып қойған. Тек былтырғы жылдың өзінде  Мақат ауданының  әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге облыстық бюджеттен 5 млрд. 370 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат аудандағы газ және су құбырлары жүйесін, жолдарды жаңалауға, «Атырау –Мақат» су құбыры құрылысына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы  мен әлеуметтік қамтуларға жұмсалған. Бұны былтырғы жылдың аяғында  Мақат ауданына  жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ айтты. Бұл қаржылардың есебін анықтау әзірше мүмкін болмай отыр. 2 ақпан 2011, 00:00 5 484 рет қаралды
Техникалық тексеруден әзірге жол полициясы өткізеді Қоғам

Техникалық тексеруден әзірге жол полициясы өткізеді

Өткен жылдан бері ҚР «Механикалық транспорт құралдары  және оларға тіркелетін тіркемелерді міндетті техникалық тексеруден өткізуді жүргізу мәселелері жөніндегі ҚР кейбір  заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына дайындық жүргізілуде. 2 ақпан 2011, 00:00 3 670 рет қаралды
Қоғам

Қартайып барамыз...

Қазақстан халқына соңғы жүргізілген санақ қорытындысы бойынша олар «қартайып» жатқандар санатына жатқызылды. Белгілі болғандай БҰҰ-ның анықтамасына сәйкесті мемлекетті «қартаю» санатына жатқызудың бастапқы деңгейі бойынша-65 және одан жоғары жастағы халықтың 7 пайызы  болуы керек. Республикалық статистика жөніндегі комитет Агенттігінің төрағасы Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ айтуынша, Қазақстанда 65 жастан асқан адамдар саны 7,1 пайызға жеткен. 2 ақпан 2011, 00:00 4 231 рет қаралды
Қоғам

Елеусіз қалған шағымдар

Қаңтардың 25-і күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы былтырғы жылғы жұмыстарын қорытындылады. Осыған орай өткізілген баспасөз мәжілісінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі құзырлы органдардың тарапынан мүлдем орындалмай отырғандығы белгілі болды.  27 қаңтар 2011, 00:00 4 594 рет қаралды
Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі Қоғам

Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі

Жылдан жылға қайталанып жатқан дәрілік қамтуға байланысты бейберекетсіздік биылғы жылы да қайталанды. Дегенмен өткен жылдың жазында жауапты тұлғалар 2011 жылдың басынан бастап ахуалдың түбегейлі өзгеретіндігін, өтініштердің тамыз айында жиналып, қажетті тендерлер жаңа жыл басталғанша өткізілетіндігін, ал дәрі-дәрмектердің медициналық мекемелерге уақытында түсетіндігін   мәлімдеген болатын. Алайда.. Уәде бергіш шенеуніктерге сенбеңіздер. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 493 рет қаралды
Халықаралық олипиададан жүлдемен оралды Қоғам

Халықаралық олипиададан жүлдемен оралды

Қаңтардың 12-сі мен 22-сі аралығында Кипр мемлекетінің Паралимний қаласында дәстүрлі халықаралық рейтингілік олимпиадасы өткен болатын. Оған қатысқан атыраулық қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары тағы да жүлдемен оралды. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 754 рет қаралды
Қоғам

Мақаттағы жол азабы

Атырау облысында жолдар қалыпқа келтіріле бастағанымен мұнайлы мақаттағылар жол азабын тартып отыр. Доссор‑Мақат тас жолының жарамсыз бола бастағанына ондаған жылдар өткен. Жол жайын айтқанда мақаттықтар жылап қоя береді. Себебі жайсыз жолдардан жолаушылардың ығыры шыққан еді. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 321 рет қаралды
Сәбилерге екпе салу керек пе? Қоғам

Сәбилерге екпе салу керек пе?

Атыраулық аналарды соңғы кезде облыста жаңа туған жас нерестелердің арасындағы түрлі патологиялық аурулардың жиілеп бара жатқаны алаңдатады. Олардың кейбірі бұған жас нәрестелерге салынатын екпелердің әсері болуы мүмкін деп күдіктенеді. Бірақ облыстық перзентхана дәргерлері бұл болжаммен келіспейтіндерін айтады. 26 қаңтар 2011, 00:00 34 071 рет қаралды
Қоғам

Тұрғын үй үшін бос жер жетерлік

Сенбі күні қаладағы ең ірі сауда орталығы «Дина» базарындағы ел аузындағы әңгіме біреу болды. Ол қалалық әкімдіктің «Дина»  орналасқан аумақты тұрғын үй құрылысы үшін беруге шешім шығарғандығы  және базарды қала сыртына-Бірлік поселкесі ауданына көшіретіндігі жөніндегі сыбыс еді.  26 қаңтар 2011, 00:00 3 783 рет қаралды
Тыйым салынған емханадан репортаж Қоғам

Тыйым салынған емханадан репортаж

Балалар стоматологиялық емханасының дәрігерлік кабинеттері санитарлық нормаларға сай келмейді. Оның қызметі тағы да тоқтатылды. Әзірге облыстағы жалғыз балалар стоматологиясы емханасының жағдайымен жақын танысу үшін біз сол жерге аяқ бастық. Әдетте, «облыстық стоматология» деген сөз тіркесі айтылса, ғимараттың кейпі және де осы ғимараттың баспалдақтары, кең фойесі, ақ плиталар төселген кабинеттер мен алуан түрлі стоматологиялық құрал-жабдықтардың көз алдыңа келері сөзсіз. Ал іс жүзінде мұнайлы астана балаларына қанадй қызмет ұсынылып отыр? 26 қаңтар 2011, 00:00 7 178 рет қаралды
Қоғам

Көлікқұмар жастар депутатпен келіспейді

Былтыр күзде Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев Үкімет басшысының атына «жүргізуші куәлігін 21 жастан беру қажет» деген ұсыныс айтқан болатын. Кейін бұл бастаманы ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков те қолдады. Алайда, еліміздегі кейбір қоғам қайраткерлері мен жол сақшыларының өзі мұнымен келіспей отыр. Атыраудағы автомектеп жетекшілері мен көлік үйренемін деп жүрген кей жастар да бұған түбегейлі қарсы. 20 қаңтар 2011, 00:00 6 572 рет қаралды
Мүрдехана қызметі де ақылы Қоғам

Мүрдехана қызметі де ақылы

Мақаттықтар өлген адамның денесін кері алу үшін сот медициналық сараптама орталығының Атыраудағы филиалы ақша талап еткеніне шағымданады. Алайда филиал басшысы бұл әңгімені жоққа шығарып отыр. Көңілсіз әңгіме әрине. Бірақ бұл  ерте ме, кеш пе өзекті жан атаулының басына келетін жай болған соң елеусіз қалдырғымыз келмеді. Өйткені  жақыныңды жерлеу – оның отбасы үшін онсыз да   үлкен орыны толмас қайғы және қаржылық шығын екені белгілі. 20 қаңтар 2011, 00:00 6 114 рет қаралды
Қоғам

«Атырау-Жарық» АҚ: «Маржан» сән үйі кінәлі емес, кінә - үйдің жарық желілерінде болуы керек

Естеріңізде болса, газетіміздің өткен нөмірінде біз Сәтбаев көшесіндегі №5 үйдің 9-подъезіндегі пәтерлерге су келіп тұрған краннан ток тартып тұрғандығы жөнінде жазған болатынбыз («Жайық самалы», №2, 13-қаңтар, «Сәтбаев көшесіндегі №5 үй тұрғындарына қауіп төніп тұр»). 20 қаңтар 2011, 00:00 4 999 рет қаралды
Қоғам

Жатақхана тұрғындары енді уәдеге сенбейді

Бірнеше жылдан бері апатты деп танылған Говоров көшесі, 12-үй мекен-жайындағы бұрынғы жатақхананың тұрғындары үйлері күреледі деп күтуде. Атыраудағы көптеген апатты үйлердің тұрғындары да осы жағдайды бастан кешіруде. Алайда осы үйдің тұрғындардына билік жаңа баспана береміз деп әлденеше рет уәде беріп, нақты мерзімдер белгілеген болатын. Уәде етілген мерзімдер өтіп кетті, алайда жаңа пәтерлер әлі жоқ.   19 қаңтар 2011, 00:00 3 814 рет қаралды
Қоғам

Сақтандырудың бірыңғай бланкісі енгізілді

Биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап көлік құралы қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі полистің бірыңғай бланкісі енгізілді. Бұл жаңалық туралы біз «НСК» сақтандыру компаниясының Атырау филиалының директоры Михаил КОРНЕВТЕН әңгімелеп беруді өтінген едік. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 630 рет қаралды
Махамбет сусыз қалды Қоғам

Махамбет сусыз қалды

Махамбет селосы Жайықтың тап іргесінде орналасқанымен ауыз суға мұқтаждық сол күйінде қалып қойған. Біз селоны аралап шықтық. Көзге шалынған су тарататын колонканың бойында ылғал жоқ. Айналасын мұз басқан. Су мұқтаждығы селода қалып қойғанымен мұз айдынын жасаған биліктегілердің қаракеті тым күлкілі көрінді. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 169 рет қаралды