Атырау, 24 қараша 11:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Техникалық тексеруден әзірге жол полициясы өткізеді

3 301 просмотра

Өткен жылдан бері ҚР «Механикалық транспорт құралдары  және оларға тіркелетін тіркемелерді міндетті техникалық тексеруден өткізуді жүргізу мәселелері жөніндегі ҚР кейбір  заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына дайындық жүргізілуде.

Заң жобасынтехникалық тексеруден өткізуді Көлік және коммуникация министрлігіне, ал, оны тікелей жүргізу процедурасын жеке мекемелер құзырына беруді қарастырып жатыр. Мұнымен министрліктің тиісті тізіліміне енгізілген техникалық тексеру жүргізетін орталықтар айналысуы тиіс. Алайда, әзірге «жоғарыдан» ресми бұйрық келе қойған жоқ, сондықтан техникалық тексеру жүргізуді жол полициясы жалғастыруда.  

«2012 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта техникалық тексеру орталықтарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұған дейін техникалық тексеруді бұрынғыша жол полициясы жүзеге асырады. Ал, барлық бланк өнімдері-өткендігі туралы куәлік пен техникалық тексеруден өтудің халықаралық сертификаты бұл кезеңде Көлік және коммуникация министрлігінің көлік бақылау комитетінде дайындалып, қамтамасыз етілетін болады»,-дейді ІІД ЖПБ жол және техникалық инспекция бөлімінің бастығы Махамбет ТӨЛЕМІСОВ.  

Техникалық тексеру кезеңділігі де бұрынғысынша қалады: автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ, адамдарды тасу үшін жабдықталған жүк көліктері шыққан жылдарына қарамастан техникалық тексеруден әрбір 6 ай сайын өтіп тұруы керек. Шыққанына 7 жылдан астам уақыт болған көлік құралдары  (шыққан жылын қоса есептегенде) техникалық тексеруден жыл сайын өтеді. Қауіпті жүк таситын автокөліктер де (шыққан жылдарына қарамастан) жыл сайын өтіп тұрады. Әрбір екі жыл сайын шыққанына 3 жылдан 7 жылға дейінгі (шыққан жылдарын қосқанда) көліктер өтіп тұруы қажет.

Атырау облысында 75903 автокөлік құралдары тіркелген, өткен жылдың қорытындысы бойынша ол көліктердің 56077-сі техникалық тексеруден өткен болса, олардың 52566-сы жарамды деп танылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

2 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.