
Атырауда «Гранд Атырау» тұрғын үй кешеніндегі лифт апаты салдарынан зардап шеккендер ауруханадан үйге шықты.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы «АЖ» сауалына берген жауабында зардап шеккен пациенттің үйіне жіберілгенін хабарлады.
Еске сала кетсек, қазан айында Құлманов көшесінде орналасқан «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында жеделсаты үшінші қабаттан төмен құлаған еді. Кабинада төрт адам болған. Олардың үшеуі тексеру үшін ауруханаға жеткізілсе, тағы бір адам медициналық көмектен бас тартты.
Оқиғадан кейін Атырау әкімі Данияр Таханов апаттың себебін анықтауды және қаладағы жеделсатылардың техникалық жағдайын тексеруді тапсырды.
Бұған дейін Атырауда 67 жеделсатыға жөндеу жүргізілуі қажет екені хабарланған болатын.
Абзал ҚАЙРАТҰЛЫ
В Атырау +5.4