Атырау, 16 қараша 17:37
 дождьВ Атырау +5.4
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

​Атырау облысында Орал және Индер жолдарын жалғайтын көпір екі күнге жабылады

30 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында Махамбет ауылындағы көпірде көлік қозғалысы екі күнге толығымен тоқтатылады. 

Атырау–Орал және Атырау–Индер автомобиль жолдарын байланыстыратын көпірдегі бұл уақытша шектеу жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіліп отыр. 

Көпірдің бойы 17 қараша сағат 08:00-ден 18 қараша сағат 21:00-ге дейін барлық көлік үшін жабық болады. 

Жөндеу жұмыстарына байланысты жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама жолдарды пайдалану ұсынылады. 

Бүгін, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.