Атырау, 10 желтоқсан 10:28
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Шаруалар субсидияға қол жеткізді

2 988 просмотра

Биыл жиырмаға жуық жылыойлық шаруалар ірі сабақты мал азығын дайындауға төленетін субсидияға ие болды.

Соңғы жылдары үкімет тарапынан шаруаларды қолдау мақсатымен ірі сабақты мал азығын дайындауға кеткен ішінара шығынның елу пайызын өтеу жөніндегі жобалар жасақталғанымен орындалысы тіптен көңіл көншітпейтін. Жыл сайын үміттенген шаруалар құжаттар жинақтап өткізгенімен нәтижесін сарыла күтіп сілесі қататын. Жылма‑жыл осы жағдаят қайталана бергесін дала ерлері енді қолды бір сілтеуді шығарды. Сөйтіп жүргенде құдай жарылқап, шығынның елу пайызы үкіметтен өтелетін болды.

‑Бұл қаржыға ие болу үшін мал саны 50 іріқара, 500 қой болуы тиіс және қажетті құжаттарды жинап тапсыруы қажет. Бюджеттен 13 млн. 584 мың теңге бөлініп, 21 шаруа қожалығы елу пайыздық жеңілдікке ие болды,‑дейді Жылыой аудан әкімі орынбасары Ж. АХМЕТОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.