Сейсенбі күні редакциямызға тарихта тұңғыш рет атыраулық медицина қызметінің басшылары жиналды. Бұл газеттің өткен нөмірінде жарық көрген «Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі» деп аталатын мақаланың «арқасы» еді. Бізбен байланысқа шыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ басқа стационарларда (мақалада облыстық аурухана аталған болатын) дәрі-дәрмектерге қатысты проблема жоқтығын дәлелдеу үшін атыраулық стационарлардың бас дәрігерлері мен «Самұрық-Қазына-Фармация» ЖШС өкілдерін шұғыл лездемеге жинауға уәде берді.
Тосын өткізілген лездемеге, М.Өтепқалиевтан басқа, облыстық маңыздағы негізгі емдеу мекемесінің басшылары қатысты. Олар: облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Жексенбай НЫСАНОВ, облыстық көз емханасының бас дәрігері Мұрат ҚҰСАЙЫНОВ, облыстық наркодиспансердің бас дәрігері Еркебұлан ТӨЛЕНОВ, облыстық тері-венерологиялық диспансердің бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айнұр МЕҢДІҒАЛИЕВА, облыстық аурухананың бас дәрігері Айбек ҒАБДУЛЛИН, кардиохирургия орталығының бас дәрігері Марат ҚОНЫСОВ, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Болат САХАУОВ, облыстық перзентхананың бас дәрігерінің орынбасары Асқар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, Медициналық қызмет сапасын бақылау комитеті облыстық департаменттің фармацевтика бөлімінің меңгерушісі Сара ОРАЗОВА, сондай-ақ, «СҚ Фармация» өкілі Қажымұқан БАЛМАҒАМБЕТОВ (төмендегі суретте). Біз әңгімемізді осы өкілден бастадық.
Алдын ала айтып өтейін, осы тақырыпқа байланысты өткен материалда айтылған тұжырымдар расталды. Ал облыстағы емдеу мекемелеріне 2011 жылдың дәрі-дәрмектері, кездейсоқ сәйкестік шығар, тек біздің материалымыз жарыққа шыққаннан кейін ғана жеткізіле басталған.
- Мұндай кешеуілдеу немен байланысты? Емдеу мекемелері тапсырысты тамыз айында беріп тастадық деді ғой?
- Тапсырысты тамыз айында тапсырды, алайда келісім-шартқа қол қою созылып кетті. Дәрі-дәрмек жеткізуші анықталған республикалық тендер қараша айында өткізілді. Бірақ Атырау облысының стационарларымен келісім-шарт жасау науқаны биылғы жылдың 14-ші қаңтарында аяқталды. Бірқатар ұйымдастыру мәселелеріне қатысты кешеуілдеп қалды. Дәрі-дәрмектердің бірқатары сертификаттау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты тендерден өтпей қалды. Ал қайтадан сертификаттау 2 айға дейін уақыт алады. Бұдан басқа, 60 медициналық препаратқа Денсаулық сақтау министрлігі нарықтағы бағадан төмен бағаны бекітті, бұл жеткізушілерге қолайсыз болды. Осы лоттар бойынша басқа тендер ұйымдастырылмақ. Оның үстіне, «СҚ-Фармация» алдында атыраулық емдеу мекемелерінің өткен жылғы берешектеріне қатысты проблема да бар. Алайда бұған қарамастан 17-ші қаңтардан бастап біз облыстағы перзентханалар мен аудандық ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізе бастадық. Әрі қарай жеткізу емдеу мекемелері ұсынған кестеге сәйкес – тоқсан сайын, ай сайын жүзеге асырылатын болады. «СҚ Фармация» барлығы облыстағы 45 емдеу мекемелерімен жалпы сомасы 600 млн. теңгеден астам сомаға келісім-шарт жасаған. Бұдан басқа 425 млн. теңге сомасында облысқа диабетиктерге, туберкулезге шалдыққандарға, СПИД-пен науқастанғандарға өмірлеріне қажетті препараттарды, барлық вакциналарды және т.б. сатып алу үшін республикалық трансферт бөлінген.
- Өткен жылы «СҚ Фармация» ЖШС-де аймақтарға жеткізуді ұйымдастыруда проблемалар болды. Жекелей алғанда, қоймалар ұйымдастырылмаған болды, әрбір емдеу-профилактикалық мекемелеріне жеткіземіз деген уәденің орнына оларға Атыраудағы «Қазпошта» АҚ қоймасынан дәрі-дәрмектерді өздерінің әкетуіне тура келген...
-Иә, өткен жылы ондай проблемалар орын алды. Биылғы жылы ол мәселелердің барлығы шешілді. Торговая база ауданынан біз қоймаларды жалға алдық. Атырау мен қалаларға біздің көлігімізбен жеткізіледі. Атырауға дәрі-дәрмек Ақтөбедегі айналма қосындары арқылы өтіп, жүк көлігімен жеткізіледі. Жол нашар, оның кешігуіне ауа-райының да әсері бар. 26 қаңтарда дәрі-дәрмегі бар 480 орынды 40 тонналық жүк көлігі келді, ал, 30 қаңтарда-980 орынға және таяу күндерде дәрі-дәрмекпен келетін тағы бір жүк көлігін күтіп отырмыз.
- Неліктен теміржолмен әкелінбейді?
- Бұл жүк көліктерімен әкелгенге қарағанда шығынды болып келеді.
М.Өтепқалиев дәрі-дәрмектің жеткізілуінің кешіктірілгендігіне қарамастан барлық стационарлар жаңа жыл алдында екі айлық қор жасап алды деп сендіруден танбады.
Республикалық тендер жүргізілу барысында бірнеше ондаған препараттар бойынша бағаларын нақтылау қажеттілігі айқын болды. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті орындарда екі айлық қор жасап алуға бұйрық берді. Барлық облыстық емдеу мекемелері солай жасады да. Сондықтан да мен облыстық ауруханада неліктен тапшылық болғандығын түсінбеймін. Менің ойымша ол менеджменттің нашарлығына байланысты ғой деймін. Өткен жылы осы жеткізілуге қатысты проблемаларға байланысты денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгеріс енгізіп, емдеу мекемелеріне кешіктірілген жағдайда дәрі-дәрмектерді бюджеттен тыс қаржылар есебімен өз беттерінше сатып алуға рұқсат берген еді. Емдеу мекемелері өз беттерінше тендер өткізе алады немесе ұйымдастыру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтініш жасай алатын еді,- деді М.Өтепқалиев.
-Бізде бірінші тоқсанның аяғына дейін жететін нақты дәрі-дәрмектер қоры бар, кейбір атаулар бойынша мамыр айына дейін жетеді. Алайда, спазмолитик, қанды қалпына келтіретін құралдар-дицинон, операциялардың 90 пайызында қолданылатын және наркоз барысында қажетті кетаминдер бітіп қалды. Өткен бейсенбіден бастап, «СҚ Фармация» ЖШС жеткізуді бастады және бүгінгі күні бізге 12 млн. теңгеге дәрі-дәрмектер (100% қаңтар айы үшін) жеткізілді. Ал, 2011 жылға арналған облыстық аурухана мен «СҚ Фармация» ЖШС арасындағы келісім-шарт 200 млн. теңгеге жасалды,-деп мәлімдеді облыстық аурухананың бас дәрігері Айбек Ғабдуллин.
- Атыраулық қалған стационар басшылары бірауыздан дәрі-дәрмектерге қатысты проблема жоқ екендігін растады. Барлығы да жетеді, өткен жылдың қорларымен емдеп жатыр. Ал, «СҚ Фармация» ЖШС-нен келген хатқа сәйкесті 2011 жылдың дәрі-дәрмектерін жеткізу таяу күндерде басталмақшы. Кардиологиялық орталықтың бас дәрігері М.Қонысов құрал-жабдықтың істен шығуына байланысты қазір жүрекке операция жасату тоқтатылғандығын хабарлады. Жақында қажетті құралдар жеткізіліп, операция қайтадан жасалатын болады. Сондай-ақ, ол барлық операциялардың барлығы да тегін жасалатындығын атап кетуімді өтінді.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмектер бойынша 2011 жылға жергілікті бюджеттен 231 млн. теңге бөлінген еді. Тендер қорытындысын 31 қаңтарда шығарды, әдеттегідей, «Медицина» АҚ жеңіп шықты. М.Өтепқалиевтің айтуынша, тендердің басты талабы бүкіл облыс бойынша тармақталған дәріханалық желілердің болуы болды. Тегін медициналық көмек арқылы созылмалы сырқаттар мен мүгедектерге және басқа да санаттағы науқастар үшін дәрілерді жеткізу 1 ақпаннан басталды. Біздің оқырмандарымыздың не айтарын көреміз.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген В.Истомин