«Қазақстан теміржолы Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанда 100 жаңа вокзал салуды және қолданыстағы 120 вокзалды күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр.
Белгілі болғанындай 2011 жыл вокзал жылы болып жарияланған екен. Теміржол вокзалының директоры Гүлсім БИТАШЕВАНЫҢ айтуынша, қалалықтарға Атыраудан жаңа вокзал салуды және қолда барына күрделі жөндеуді күтудің еш реті жоқ көрінеді. Алайда, тозығы жеткен тоғыз желілік (Мұқыр, Жантерек, Нарын, Бақсай, Исатай, Ескене, Таскескен, Жамансар, Кенбай) стансаларға осы жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Және тағы да айтар болсақ, енді пойыз билеттерін төлем терминалдары бойынша сатып алуға болады. Еліміздің бес вокзалында ондай терминалдар қондырылып үлгерілді. Атырау әзірге біздерді шеті қиыры жоқ теміржол кассаларындағы кезектен құтқаратын автоматтарды сатып алуды ғана жоспарлап отыр.
Терминал арқылы билетті сатып алу үшін төлем кәртішкесін (терминал қолма-қол ақшаны қабылдамайды) енгізу керек, кейін сапарыңыздың параметрлерін бере аласыздар: шығу стансасы мен жету стансасы, күні, сондай-ақ, жеке басты куәландыратын құжат мәліметтері жазылады. Экраннан вагон нөмірі мен орын нөмірін, жүру уақытын көрсетеді. Егер сіз келіссеңіз, автоматтан билетіңізді аласыз. Бір рет сұраған кезде төрт билеттен артық билет рәсімделмейді.
Егер сіз Интернет арқылы билетке тапсырыс беріп қойған болсаңыз, оны да автоматтың көмегімен алып алуыңызға болады. Жолаушыға көшіру құрылғысынан шыққан бланкіге штрих-код немесе 14 таңбалы электронды билет нөмірін және өз құжатыңыздың нөмірін теруіңіз керек. Билет ақшасын төлеп, оны басып шығарып аласыз. Егер билет сатып алынып қойылып, кейін қандай да бір себептермен жолға шықпайтын болсаңыз, онда билетті кері тапсыру касса арқылы жүргізілетін болады. Ақша комиссиялық алымсыз, бірден қолға және қолма-қол берілмейді. Ол бес күн ішінде сіздің карт-шотыңызға түседі.
Анастасия ПАСТУХОВА