Емханалар жаңа жылдан бастап өздеріне бекітілген халықтың тіркелімдерін қалыптастыруға кірісті, ал, ол пациенттер тарапынан біраз наразылықтар туғызды.
Жақын күндердің бірінде «АЖ» газетіне бір оқырман хабарласқан болатын: «Мен №2 қалалық емханаға қараламын. Учаскелік дәрігер келесі келгенімде өзіммен бірге жеке бас куәлігімнің көшірмесін ала келуімді сұрады және міндетті түрде онда ЖИН көрсетуді тапсырды. Мен құжаттарымның емханаға не үшін керектігін сұрағанымда, дәрігер ештеңені түсіндіріп жатпады, тек егер әкелмейтін болсам онда ақылы негізде емделетіндігімді айтты. Ал, менің қызым Авангардта тұрады, олар №1 емханаға қарайды. Олардың үйлеріне тіркеу бетшелерін таратқан. Онда олар өздері туралы мәліметтерді: аты-жөні, тегі, жынысы, азаматтығын, тіркелген мекен-жайы мен тұрып жатқан мекен-жайын, жеке бас куәлігінің нөмірін, ЖИН және өзінің қай емханада қаралғысы келетіндігін көрсету керек. Бәлкім, менің құжаттарымның көшірмесі дәрігерге осындай қағаздарды толтыру үшін керек болған болар деп ойладым».
Кейбір оқырмандар дәрігерлердің өздерінен тек жеке бас куәлігінің ғана көшірмесін емес үй кітапшасының да көшірмесін сұрағандығын айтып қоңырау шалды.
Олардың бұл алаңдауларын түсіну қиын емес. Сол құжаттар арқылы несие алу секілді алаяқтықтың түрі көп емес пе?!
Жеке бас куәлігі мен үй кітапшасының көшірмесін емханаға тапсырудың қажеттілігі жоқ. Бастысы-өздеріңіз туралы барлық мәліметті дұрыс көрсетсеңіздер болды. Жаңа жылдан бастап емханалар өздеріне бекітілген аумақтарда тұратын және сол емхананың дәрігеріне қаралатын тұрғындар тізімін өздерінің дерек қорларына енгізуде. Бұл участок бойынша бекітілген халықтың тіркелімі болмақ. Бұл жұмыс наурыздың-15-не дейін аяқталуы керек. Осы мәліметтер облыстық денсаулық сақтау басқармасына беріледі, одан соң денсалық сақтау министрлігінің негізгі дерек қорларына жолданады. «Мекен-жайына қарамастан денсаулық сақтау мекемесін таңдап алу мүмкіндігі біздің азаматтарда өткен жылдан бері пайда болды. Ал, үстіміздегі жылдан бастап біз бекітілген халық тізілімін жүргізуге тиіспіз»,-дейді №2 емхананың бас дәрігері Аманбек ЖҰМЫРОВ. Ол тізімдердің не үшін керектігі туралы облыстық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА былай дейді: «Ақша емханаларға әрбір нақты пациентке бөлінеді. Және ол ақшаның көлемі бекітілген халық санына байланысты болады. Бұл «жанбасына» қарай қаржыландыру деп аталады. Тізілімді толтыру үшін үй кітапшасының керегі жоқ. Маңыздысы пациенттің іс жүзінде қайда тұратындығы және қай денсаулық мекемесіне қаралуға ниет білдіретіндігі. Бізде Атырауда Қазақстаның түк-түкпірінен келушілер көп, олар қалада бірнеше жыл тұрады және біздің емханаларда емделеді. Өткен жылы пациенттер емдеу мекемесін таңдау құқығын алды, алайда ол ауызша жасалды. Биылғы жылы ереже бұған қарағанда қатаңдау: егер пациент бір емханадан екінші емханаға ауысқысы келсе, онда алдымен босату талонын және одан кейін бекіту талондарын рәсімдеуі керек».
Зульфия ИСКАЛИЕВА