Атырау, 30 мамыр 05:09
 дождьВ Атырау +13.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Қоғам

Қоғам

Қаржы полициясы үшін мораторий аяқталған жоқ

«Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеру мораторийі мерзімінің өткеніне қарамастан, ерекше жарлыққа дейін қаржы полициясының органдары бұрынғы мораторий жағдайында жұмыс жасайтын болады», - деп мәлімдеді Атырау облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің (қаржы полициясының) ұйымдастыру-бақылау басқармасы инспекциясының бастығы Қаһарман ЖӘРДЕМОВ кәсіпкерлермен кездесу кезінде. 2 наурыз 2011, 19:03 3 115 рет қаралды
«Теңізшевройл» наразылық білдіруде Қоғам

«Теңізшевройл» наразылық білдіруде

Соңғы кездері ҚР үкіметі мен ТШО арасынан қара мысық жүгіріп өткендей жағдай қалыптасқан. Мұнай өндіру тереңдігі жөніндегі дау-дамайлар басылмай жатып, жаңасы бой көтерді. Бұл жолы келіспеушілікке «Теңізшевройл» наразы боп отырған экспорттық-кедендік баж салығының төлемдері себеп болды. 2 наурыз 2011, 21:23 5 232 рет қаралды
Қоғам

«Біз білетін Шариполла бұл емес»

Газетіміздің өткен санында жарияланған «Облыс прокуроры Бауыржан Сматлаев: “Шарифолла Сайфуллин есірткі және әскери қарумен қолға түсті”» деген мақаладан кейін редакцияға айыпталушының ет жақын туысқандарының бір тобы және оның адвокаты хабарласты. Олар өздерінің талаптарын төмендегі жолдаған хаттарында баяндайды (қысқартылып басылып отыр).  24 ақпан 2011, 00:00 4 236 рет қаралды
Алабай – қазақтың ұлттық бренді Қоғам

Алабай – қазақтың ұлттық бренді

Соңғы жылдары алабай тұқымдас қазақ төбеттеріне көп мән беріліп жүр. Тіпті кей жерлерде ит төбелестіру де өзінше бір бизнестің түріне айналған. Жақында қаланың сыртында иттер шайқасының екінші турнирі өтті. 24 ақпан 2011, 00:00 20 057 рет қаралды
Түрмелерде көлік жоқ Қоғам

Түрмелерде көлік жоқ

Атырау облысындағы қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты бірқатар мекемелер көлікке жарымай отыр. Мәселен, УГ 157/9 түзеу мекемесіндегі мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер қыстың қақаған күндері қала сыртына жаяу сабылып жүрсе, әйелдер колониясында оқыс жағдай туа қалса селбесетін көлік жоқ. 24 ақпан 2011, 00:00 3 701 рет қаралды
Бес теңгенің «әлегі» жолақысын өсірмек Қоғам

Бес теңгенің «әлегі» жолақысын өсірмек

Қалалық әкімдіктің транспорт бөлімінің қызметкерлері күтпеген жерден «Рейдке шығамыз!» деген ұсыныс жасады. Алайда, ашық-тесік аялдамаларда суыққа тоңып, оның үстіне жұмыс қүні қызған шақта жолаушыларға кедергі келтіру ешкімді қуанта қоймады. Сондықтан да әңгіменің аяғы  қалалық автобустар маршруттарының тақырыбын қозғаған брифингпен аяқталды. 24 ақпан 2011, 00:00 4 361 рет қаралды
Жәнібекке шұғыл түрде донор қажет Қоғам

Жәнібекке шұғыл түрде донор қажет

Құрманғазы ауданы Мақаш ауылының тұрғыны Сәрсенбай Кенжеғалиев өзінің аяқ астынан ауыр науқастанып қалған кенже ұлы Жәнібек Отаровтың бүйрегін шұғыл түрде ауыстыру қажеттігін айтады. Ол үшін донорлық бүйрек қажет. Мұндай отаны жасатуға дәл қазір қаражат жағы қолбайлау болып отырған жайы бар. Ал Жәнібекке бүйрек ауыстыру үшін 45 мың доллар ауадай қажет болып тұр. 24 ақпан 2011, 00:00 9 493 рет қаралды
Қоғам

Несиенің «несібесінен» дәмелі үйлер

ПИК жалпы жиналысы қарыз «қарарлары» туралы  шешімді қарады Қалалық әкімдік тұрғын үй-коммуналдық реформаны жүзеге асыруға кірісті. 18-ші ақпанда ПИК жиналысы болды, онда тұрғын үй қорын термомодернизациялау және күрделі жөндеу жөніндегі нақты жоспарлар көзделді. 24 ақпан 2011, 00:00 4 224 рет қаралды
Жайықтағы із кесу Қоғам

Жайықтағы із кесу

Полицей бекетінен жиырма метр жерде жылы камуфляж киген бір топ адам үкіден ау қайырып жатып, «Түс, балығым, түс, - деген сөздерді айтқан болар... Өткен сенбіде «АЖ» тілшісі Жайық сағасына барып, браконьерліктің бұрынғыша өркендеп жатқандығына көз жеткізіп қайтты. 23 ақпан 2011, 00:00 4 969 рет қаралды
Жер телімі әлі де талайға арман Қоғам

Жер телімі әлі де талайға арман

Шабандап қалған тізбекті кезек Тегін жер алу үшін кезекте бес-алты жыл, тіпті, одан да көп жылдар бойына тұрған адамдар кезектің қалай болғанда да жылжуы тиіс екендігін біледі. Атырауда жылына қанша жер учаскесі берілсе, кезек те сонша алға жылжуы тиіс қой. 23 ақпан 2011, 00:00 8 145 рет қаралды
«Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды Қоғам

«Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды

«Біздің «Өмір гүлі» ұжымында музыканттар да, әншілер де, бишілер де бар. Жаңадан жұмыс жасай бастағанымызда 15 адам болды, ал бір жылдан соң 40 адам болдық. Мектептерге, колледждерге, Жасөспірімдер үйіне, «Ақбота» балалар үйіне және т.б. жерлерге үнемі өнерімізді көрсетеміз. Екі айда бір рет қалалық мәдениет үйлеріне міндетті түрде концерт беріп тұрамыз», - дейді мүгедектер ансамблінің жетекшісі Таня ЖАКУПОВА өз жұмысы туралы құлшыныспен әңгімелеп. Мұның бәрін олар қай уақытта үлгереді екен деп таң қаламын. Мүгедектер туралы сөз қозғалса, көз алдыңа мүмкіндіктері шектеулі ғаріп жандар елестей кетеді ғой. Алайда Таня ондай жандардың қатарынан емес. 23 ақпан 2011, 00:00 4 512 рет қаралды
Шыны түтіктегі шарана Қоғам

Шыны түтіктегі шарана

Бұрын бүлдіршін өзінің қайдан пайда болғанын сұраса, әдетте қысылған ата-ана «аһ дегенде аузымнан түстің» немесе «құс әкеліп тастады» деп жататын. Енді «шыны түтіктен пайда болдың» деген жауапты да айтуы мүмкін. 2010 жылы алматылық дәрігерлердің шеберліктерінің арқасында пайда болған 60-тан аса атыраулық сәби дүниеге келген. «АЖ» сұрақтарына «ЭКО» алматылық экстракорпоральды ұрықтандыру орталығының директоры Тамара ЖҮСІПАЛИЕВА жауап берді. 23 ақпан 2011, 00:00 7 892 рет қаралды
Қоғам

«Кәсіподақ төрағасын тыңдауға міндетті емеспіз»

Қашағаннан жетіп жатқан хабарларға қарағанда, ол жақатағы еңбек қатынастары мәз емес. Ал жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін сөз жоқ, мықты кәсіподақтар қажет. Бірақ мұндай қауқарлы кәсіподақтар бар ма, әңгіме сонда. 23 ақпан 2011, 00:00 3 971 рет қаралды
Астананың аязы Атырауға ауды Қоғам

Астананың аязы Атырауға ауды

Бүкіл Қазақстан бойынша күннің суытқаны байқалады. Аяқ астынан басталған аяз көптеген қалаларда, соның ішінде Астана мен Өскеменде мектептегі сабақтарды болдырмай тастады. Атыраулық оқушылар әзірге аялдамаларда автобус күтіп бүрсеңдеуге мәжбүр. 23 ақпан 2011, 00:00 3 923 рет қаралды
Қоянжырық қайдан пайда болады? Қоғам

Қоянжырық қайдан пайда болады?

Облыста іштей туа біткен ерін, қызыл иек, қатты және жұмсақ таңдай жарығымен туылған балалар саны соңғы мәлімет бойынша 172-ге жетіпті. Халық арасында ондай белгілерді «қоянжырық» және «қасқыр ауыз» деп атайтыны аян. Алайда, қаламыздағы бас балалар стоматологы Таласбай ОРАЗБАЕВ «осындай аномальді даму белгісін олай атауға мүлдем болмайды, бұл ота жасатып, оңалып шыққан балалардың және олардың аналарының жанын қайта жаралайды» дейді. Ал облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, мұндай іштей туа біткен ақауларды нәресте жарық дүниеге келмей тұрып УЗИ-дің көмегімен алдын алуға болады екен. Қалай дейсіз ғой? Жүкті әйелдерге түсік жасатуға ұсыныс беру арқылы.  18 ақпан 2011, 00:00 31 252 рет қаралды
«ЖКХ» және суға батқан жертөле Қоғам

«ЖКХ» және суға батқан жертөле

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен әйгілі академик Зейнолла Қабдолов атындағы Кітап үйі орналасқан ғимараттың жертөлесі ыстық суға толған. Бөлім қызметкерлері мен келушілер сасық иісті бумен уланып қана қоймай, миллион теңгеден астам сомадағы кітап басылымдары тауарлық бейнесін жоғалтуы мүмкін. 17 ақпан 2011, 00:00 5 075 рет қаралды
Қоғам

Жаңа жүйемен жылытылатын нысандар мекен-жайы белгіленді

Естеріңізде болса,  биылдан бастап бүкіл республика бойынша автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру жобасының енгізілетіні жайлы газет бетінде жарияланған болатын («ЖС», №4, 27-қаңтар, 2011ж. «Жылуды үнемдеу жолдары табылды»). Бүгінде олардың Атырау қаласында қандай нысандарда қойылатыны анықталып отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 4 101 рет қаралды
Қоғам

Кооперативтердің орнына басқарушы компаниялар келеді

Биылғы жылы ПИК-терге үйлерді пайдалану қызметін көрсететін басқарушы компаниялар көмекке келмек. Жазға таман қаладағы отыз шақты көпқабатты үйлер таңдалынады, оларды тәжірибе аясында басқарушы компаниялар ретке келтіруі тиіс. Жөндеуге жұмсалатын ақшаны несиеге алмақшы. Оны кейін тұрғындар төлейтін болады. 17 ақпан 2011, 00:00 3 269 рет қаралды
Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар Қоғам

Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар

2010 жылы Қазақстанда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар үшін 88,5 мың орын дайын болды, осылайша, балабақшамен қамту 41,6%құрады. Бұл мәліметтерді ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің алқа мәжілісінде министр Бақытжан Жұмағұлов жария етті. Оның баяндамасында Атырау облысы мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орынмен қамту жоспарын толығымен орындады деп атап өтілді. 17 ақпан 2011, 00:00 4 911 рет қаралды
Қар күреген арулар Қоғам

Қар күреген арулар

Сейсенбі күнгі төпете жауған қар көше тазалаушылар үшін уайым бола қойған жоқ. «Әрине, ол ауыр жұмыс, оның үстіне оған күннің күрт суытуы дөп келді. Қолдың бұлшық еттері де сырқырайды,-дейді күректің сабына шынтақтай сүйенген, керемет әдемі Лала есімі бар қарақалпақ қызы. – Бірақ, наурыз айының басында негізгі еңбекақымызға осы қар жауған күндердегі еңбегіміз үшін сыйақы беретіндігі есіме түскенде көңілім шаттанғандай болады». 17 ақпан 2011, 00:00 5 088 рет қаралды