Атырау, 5 желтоқсан 07:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

МАБ қорытындысы әзірге белгісіз

4 421 рет қаралды

24 ақпанда Атырау облысында Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) болып өтті. Оған 9 мыңнан астам төртінші сыныптықтар мен 9,5 мыңнан аса тоғызыншы сынып оқушылары қатысты.

Облыстық білім басқармасындағылар министрліктің нұсқауына сілтеп, нәтижелерін жарияламады.

- МАБ өткізу кестесі бойынша батыс аймақтары тестілеуді алғаш боп тапсырды. Ақырғы нәтижелер, соның ішінде біздің облысымыз бойынша қорытындылар біріктіріліп, сәуір айында жарияланатын болады, - дейді облыстық білім беру басқармасының жалпы және орта білім беру бөлімінің бастығы Бәтима БАХТИЯРОВА. Облыстық білім беру басқармасындағылардың хабарлауынша, біздің оқушылар өткен жылғыға қарағанда тестіде жақсы нәтижелер көрсеткен.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 наурыз 2011, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.