Атырау, 6 қазан 12:26
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Бекет маңынан әлдебіреулер ау құрыпты»

3 276 просмотра

 «АЖ»-ның өткен нөмірінде «Жайықтағы із кесу» туралы жарияланымнан кейін су полициясының басшылығы өз комментарийлерін ұсынған болатын.

Атырау облыстық ІІД балық қорын қылмыстық іс-әрекеттерден қорғау бөлімінің бастығы Қайрат ШОНАЕВХаметов пен Ермұратовтың шынымен де өз қарамағында жұмыс жасайтындығын растады. «19 ақпан күні тәуліктің бірінші жартысында дәл бекеттің маңында әлдебіреулердің түнде ау құрғаны және бір таңқаларлығы, оның көзге көрсетіп жасағандығы туралы дабыл түсті. Құдды жақсы дайындалған акция секілді. Әрине, ауды шығарып алып, иесіз құрал ретінде тіркеді. Полиция тарапынан ешқандай да браконьерлік туралы әңгіменің болуы мүмкін емес, - деп атап өтті ол. - Әрі қарай. Бекет арқылы кедергісіз өтуге жұмыс бабымен жүрген күш құрылымдары қызметкерлерінің құқығы бар. Олардың автокөліктерінде жедел қызмет нөмірлері болуы мүмкін. Біз оларды журналға тіркейміз. Алайда қысқы уақытта біршама айналма жолдар болады. Сіздер көрген кейбір автокөліктердің жүргізушілері сол жолдарды пайдаланған болуы керек. Жазғы кездері де бекеттен айналып өтуге болады, бірақ ол анағұрлым қиынға түседі. Мұны сол жерді жақсы білетін адамдар ғана айналып өте алады. Күзде балық қорғау инспекторлары бекеттен төмен маңнан ондаған ау құралдарын шығарған еді. Оларды теңізден балық аулауға шығатын өндірістік кооперативтердің балықшылары құрған екен. Бұл әрекет бірнеше минут қана уақыт алады. Осындай фактілерді құрықтауға тырысамыз. Алайда жарты қызметкерлері кеңседегі қызметпен айналысатын штаттағы 40 адамға бұл қиынға түседі».

Лев ГУЗИКОВ

2 наурыз 2011, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.