Атырау, 30 мамыр 06:16
 дождьВ Атырау +13.6
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Қоғам

Балаларға көңіл бөле біліңіздер! Қоғам

Балаларға көңіл бөле біліңіздер!

Баспасөз бетіндегі балалар мен жасөспірімдердің өз өмірлеріне қол жұмсағандығы туралы мәліметтер барған сайын артып барады. Бұл зобалаңның орын алуына не себеп және одан өз балаларымызды қалай сақтап қалуымызға болады, міне, біз бүгін осы туралы облыстық жүйке-неврологиялық диспансерінің психологі Ақмарал Мақсотқызы ШАРИПОВАМЕН әңгімелестік.  23 наурыз 2011, 19:33 8 020 рет қаралды
Әйелдер колониясындағы ашық есік күні Қоғам

Әйелдер колониясындағы ашық есік күні

Наурыз мерекесі күні қаладағы әйелдер колониясында да ерекше аталып өтті. Бүгінде УГ №157/11 түзеу мекемесі 291 адамға толған. Олар мұнда ұлыстың ұлы күні туыстарымен кездесуге мүмкіндік алып қана қоймай, келген қонақтарға әйгілі «Қара жорға» биін билеп берді. 23 наурыз 2011, 21:55 5 894 рет қаралды
Иісшіл иттер психологиясы Қоғам

Иісшіл иттер психологиясы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жеңіс шеруіне соғыстың барлық майдандарынан қатысқан әскерлермен бірге Қызыл алаңда жетектеуге ілескен иттердің де жүргенін біреу білсе біреу білмес. Сол бір тарихи шеруге  Кеңес Одағының бас кинологы подполковник Мазовер де қатысқан еді. Бірақ оған салтанатты қадам жасап, бас қолбасшыға құрмет көрсетуге рұқсат берілмеді. Өйткені, ол қолына 14-ші штурмдық  инженер-саперлік бригада  жауынгері  жаралы Жолбарыс есімді  итті көтеріп келе жатты. Төрт аяқты бұл жауынгер  Румыния, Чехия, Венгрия  және Австрияның  миналар қойылған  даласындағы ұрыстарға қатысқан. Сол жерлерде  Жолбарыс 468 мина мен 150 снаряд тапқаны үшін  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ие болған еді. Біздің облысымызда осындай иісшіл иттер бар ма? 23 наурыз 2011, 21:41 7 101 рет қаралды
«Менің үйім – менің қамалым» Қоғам

«Менің үйім – менің қамалым»

Әрбіреуіміз үшін өз үйіміз шексіз әлемнен, сыртқы ортадан қорғайтын қамал, жеке кеңістік. Ол жылы, жарық, қолайлы және қауіпсіз болуы тиіс. Менің пікірімше, бақытты ошақтың қарапайым ғана түсінігі осылай. Алайда, сайтан алғыр, БАҚ беттеріндегі қылмыстық хабарламалар мен радиода сарнап жататын оқиғалар өз үйіңде де тыныш өмір сүруге болады деген түсінікті кереғар етіп жатады. Ол біздің мүлкімізге көз тіккен түрлі қылмыскерлерден, кей жағдайларда денсаулығымызға, тіпті, өмірімізге төнетін қауіптен үнемі қорғай бермейді. Өзіңізді және өз үйіңізді бөгденің қажетсіз назарынан және үй ұрыларынан қалай қорғауға болады? – деген сауалды құқыққорғау органдарынан, күзет агенттіктерінен  және, әрине, халық пікірін сұраған едім. 23 наурыз 2011, 19:51 28 518 рет қаралды
Қоғам

Хиджаб: әрқайсысы өз ұстанымын алға тартуда

Өткен аптада Алматы, Ақтөбе облыстарының имамдарынан, Мәдениет министрлігінің Діни істер комитетінің өкілдерінен және «Нұр-Мүбәрак» университетінің ғалым-теологтарынан құрылған үгіт-насихат тобы АМУ студенттерімен және облыстағы жоғарғы оқу орындары мен колледждердің өкілдерімен кездесті.  17 наурыз 2011, 17:04 4 697 рет қаралды
ЕҚЫҰ  бақылаушылары Атыраудағы жұмыстарын бастады Қоғам

ЕҚЫҰ бақылаушылары Атыраудағы жұмыстарын бастады

2011 жылғы мерзімінен бұрынғы президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясы шақырылған бақылаушылар мен сарапшыларға мандаттар таратты. Олардың екеуі Атырауда екі аптадан бері бақылау жұмыстарын жүргізуде. 17 наурыз 2011, 13:33 3 802 рет қаралды
Көтерем малдың көктемеге жетуі неғайбыл Қоғам

Көтерем малдың көктемеге жетуі неғайбыл

Индер ауданынының шаруалары сын сағаттарды бастан кешіруде. Көктем басталмай жатып  көтерем малдар арам өліп жатыр. Естуімізше, кей қыстақтарда өлген мал басы 100-ге дейін барған. Шаруалар қолдан келер қайран жоқ деседі. 17 наурыз 2011, 16:24 12 369 рет қаралды
Қоғам

Буға бөккен подъезд

Авангард 2 ықшам ауданының №3 үй тұрғындары үш аптадан бері подъездерінің көк түтінге оранғанын хабарлады. Түтін болғанда, судың буы бұл. Подъезд ішінен көзіңді біреу тұмшалағандай түк те көрінбейді. Тұрғындар дымқыл ауамен тыныстаймыз деп ауру болатын болдық деп отыр. Және, пәтер іштерінің де дымқылданып бара жатқанына алаңдайды. 17 наурыз 2011, 18:53 3 247 рет қаралды
Ескі жатақхана әлегі Қоғам

Ескі жатақхана әлегі

Төлебаев көшесі, №44 үй - бұл қаланың қақ ортасында орналасқан ескі жатақхана. Нақтырақ айтсам, қаладағы американдық қалашық пен «Өнерпаз» сауда үйінің арасынан орын тепкен. Жатақхана жаңа ғимаратқа сұранып-ақ тұр. Тұрғындардың да арызданатындай жөні бар екен. Ғимараттың сырты бүтін көрінгенімен, іші жыларман күйде. Ішіне бас сұғудың өзі қорқынышты. 17 наурыз 2011, 18:50 4 351 рет қаралды
Қоғам

Қарабатандағы жұмыс аяқталды

Солтүстік-Каспий жобасы аясындағы «Болашақ» зауытының құрылысы аяқталуға аз қалғандықтан, бүгінгі күні  ондағы жұмыстарынан босаған қызметкерлерді жұмыспен қамту өзекті мәселеге айналуда. Өткен аптада облыстық әкімдікте ірі масштабты жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырған компаниялардың өкілдері жиналды. 16 наурыз 2011, 22:28 3 592 рет қаралды
Қамкөңіл жандарға қамқорлық Қоғам

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Осыдан бір жыл бұрын «Үш сатымен күрес» жобасының аясында Атырауда «Инва-такси» қызметі жұмыс істеген болатын. Жобаның кейбір қиыншылықтары мен жетістіктері туралы  «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жетекшісі Күлбаршын НҰРЖІГІТОВАМЕН әңгімелескен едік. Осы жанның ыждағаттылығынсыз ештеңе де шықпаған болар еді. 16 наурыз 2011, 22:46 4 025 рет қаралды
Президент хиджабқа қарсы Қоғам

Президент хиджабқа қарсы

Елімізде әсіредіншілдіктің ауа жайылуына байланысты соңғы уақыттары хиджаб мәселесі қоғамдық дауға айналған. Бүгін Астанада мемлекеттік мекемелер, әсіресе оқу орындары тарапынан хиджаб киюге қатаң тиым салынуына байланысты бірнеше әйелдің аштық жариялауды бастағанын да айтқанбыз. 11 наурыз 2011, 17:29 5 561 рет қаралды
Қоғам

Елді мекендерге ұялы байланыс қосылды

Телефон байланысымен қамту тығыздығы облыс бойынша жүз тұрғынға 23,76 нөмір құраған. Бұл туралы өткен жылдың қорытындылары бойынша өткен кеңесте Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Ерсайын Дүйсемалиев хабарлады. 9 наурыз 2011, 20:07 4 431 рет қаралды
Қоғам

Қамқоршы үшін айына -15 мың теңге

Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршылары мен қорғаншылары ай сайынғы жәрдемақыны 10 АЕК (15120 теңге) көлемінде алуды бастайды. Жәрдемақыны балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты ресми түрде рәсімдегендер ала алады. 9 наурыз 2011, 20:51 3 446 рет қаралды
Жәрмеңке жамағатты жарылқады Қоғам

Жәрмеңке жамағатты жарылқады

Атырауда Қайырғали Смағұлов аллеясы маңында (сауда орталығы жанында) биылғы жылдың  алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкедегі тауарларды көтерме азық-түлік қоймалары мен облыстың 18 шаруа қожалығы ұсынды. 9 наурыз 2011, 20:53 4 376 рет қаралды