Атырау, 24 қараша 07:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Газдан уланған екі адам көз жұмды

3 082 просмотра

Соңғы кездерде облыс орталығында табиғи газбен улану оқиғалары жиі орын алуда.

Қала прокуроры Халидолла Дәуешовтің айтуынша, жыл басынан бері мұндай фактілердің он шақтысы тіркелген екен. Оқиғалар барысында зардап шегушілердің газды үй-жайды жылыту үшін пайдаланғаны, жеке секторда қауіпсіздік ережелері сақталмай қолдан жасалған құралдардың қолданылғандығы анықталды. Тағы да газдан жаппай улану фактісі Советский тұйық көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелді. Таңертеңгілік туысқандарының үйіне келген ерлі-зайыптылар үйге кірген сәтте газдың өткір иісін сезген. Газдың жарылысы мен өрттен сақтанған олар үйдің терезелерінің әйнегін сындырып, кезекпен-кезек ес-түзсіз жатқан үй иелерін далаға шығарып, жедел жәрдем мен полицияға хабарлаған. Оқиға болған жерге келген дәрігерлер отбасының 1943 жылғы және 1990 жылғы туған екі мүшесінің  қайтыс болғандығын анықтады. Қалғандары облыстық ауруханаға орналастырылды. Қайғылы оқиғаға  табиғи газдың кетуі себеп болды деген жорамал бар.

Прокуратура тұрмыста газ жабдықтарын қолдану барысында сақ болуға шақырады.   

Лев ГУЗИКОВ

23 наурыз 2011, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.