Атырау, 27 желтоқсан 01:40
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Инспектор мақұлдай қоймас

2 692 просмотра

ҚР ІІМ астаналық Жол полициясы комитетінің ресми сайтында (www.zholpolice.kz/ru/) автоинспекторлар әрекетінің бейнежазбасына қатысты түсініктеме пайда болды.

Жол полициясы комитеті (ЖПК) есептегендей, жүргізуші инспекторға арадағы  әңгімелерін жазып алатындығын айтып, ескертуі тиісті. «Жол полициясы қызметкерін өзінің қызметтік міндетін атқару барысында суретке, бейнетаспаға түсіру қолданыстағы заңнамалармен реттелмеген. Алайда, бұл жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабына («Өз бейнесіне құқығы») сәйкесті кімде-кім қандай ма бір тұлғаның бейнесін оның келісімінсіз қолдануға құқылы емес»,-деп жазады ЖПК сайтының «сұрақ-жауап» айдарында, айтпақшы, мұнда басқа да пайдалы ақпараттар баршылық.

Тақырыпқа оралсақ, автоинспекторлардың қай-қайсысы болсын өзінің жөнсіз қарым-қатынасы мен заңсыз әрекеттерін жазып алуға қайдан «рұқсатын» береді. Ал, сайтта «заңсыз тәртіп бойынша алынған материалдар (келісімсіз өз бетінше жазып алынған аудио жазбалар және басқалары) дәлел ретінде алынбайды» деп еске салады.   

Осыған ұқсас полицейлік талдауға жауап ретінде  Алматыда өткен жазда болған жағдайды еске түсіреді. Қырғыз жүргізушісі Александр Паленый автоинспектормен болған әңгімені ұялы телефонының камерасына түсіріп алған және youtube.com сайтына салынған ролигі бірден шулы жаңалыққа айналды. Кейін көші-қон полициясы Александрдан елден кетуін «өтінді».

Лев ГУЗИКОВ

23 наурыз 2011, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.