Атырау, 4 қазан 16:33
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Әкімдік аудит қорытындысын күтіп отыр

2 896 просмотра

Қалалық әкімдік тұрғындарды баспананы мемлекеттік термомодернизациялау бағдарламасына қатысуға белсенді түрде үгіттеуде.

СОЛТҮСТІКТЕН ЖЕТКЕН «ҚАДІРЛІ» ҚОНАҚТАР

Атырауда энергетикалық аудит жүргізген ҚР құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің үш маманы болып қайтты. Олар 9 бюджеттік нысандар мен 19 тұрғын үйді тексеруден өткізді. Ол нысандардың барлығының жертөлелерінің, шатырлары мен электр желілерінің әрқайсысының ақаулығына құжаттар дайындады. Бір үйге энергетикалық аудит жүргізу 350 мыңнан 1,2 млн. теңгеге дейін барады және ол республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Тексеру қорытындысы қалалық әкімдікке әзірше түсе қойған жоқ. Егер 19 үйдің әрқайсысы жөндеуге жатады деген қорытынды белгілі болса, онда қалалық билік ресми түрде термомодернизациялау бағдарламасын жариялайтын болады.

Келесі кезеңде тағы да 50 үйді жөндеу жоспарланып отыр, олардың энергетикалық аудитін жүргізу ақысын ендігі кезекте жергілікті бюджет төлейтін болады.

СІЗ ЕНДІ НЕСИЕ ТӨЛЕЙТІН БОЛАСЫЗ!

Қалалық әкімдіктің автокөлік жолдары, жолаушылар тасымалы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Серікбай ҚАЗИЕВТІҢхабарлауынша, тексеруден өткен үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жылдан басталуы керек. Бүгінгі күні 19 үйдің тұрғындарымен кездесу өткізілді. ПИК жиналысына күрделі жөндеу үшін несие алу идеясына түсіністікпен қараған «белсенді» деген 20-30 адам қатысты. Бірақ, несие алу үшін тұрғындардың кем дегенде 70 пайызы міндетті түрде жазбаша келісімін беруі керек. Сондықтан да адамдармен пайдалану шығындарын төлеуге келген кезде әңгімелесулер өткізілуде. 

ПИК өзі қызмет көрсетіп отырған үйге күрделі жөндеу жүргізу үшін несиені ала ала ма? С.Қазиев ПИК немесе үй басқармасының қызметтерін тұтынбайтын үйлер термомодернизация бағдарламасына қатыса алмайтындығын атап өтті.  ПИК әрбір үйге техникалық құжатты ондағы орналасқан дүкендер мен кеңселердің алаңдарын көрсете отырып (егер ондайлар болса) техникалық құжаттарын дұрыс рәсімдеуі керек. Бұл құжат техникалық түгендеу бюросында (БТИ) жергілікті бюджет есебінен рәсімделеді. Бұдан басқа, жер комитетінде сол ауқымды алып жатқан аумаққа мемлекеттік акт рәсімделуі тиіс. Құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеп, күрделі жөндеу жүргізуге арнаулы банктік есепшот ашылуы тиіс.   500 мың теңге көлеміндегі алғашқы жарнаны тұрғындардың өздері жинап беруге тиісті. Одан әрі бұл жарна несие мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан да ПИК-не несиені дәл осы кезеңде рәсімдеген тиімдірек болады. Тұрғындар жинаған ақша арнаулы есепшотта жинақталатын болады.

–Біз қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне осы 19 үйдегі тұрмысы  төмен отбасыларды анықтап беру жөніндегі өтінішпен хат жолдаған болатынбыз,-дейді С.Қазиев. Өйткені, аз қамтылған отбасы азаматтары көмек алғанымен бұл ақшалар олардың қолдарына берілмейді, үш ай бойына арнаулы есепшотта жинақталады. Содан кейін ПИК-ке 12 млн. теңге көлеміндегі несие 10 жыл мерзімге жылдық 5 пайыздың мөлшермен бөлінетін болады.  Несие қаржылары республикалық бюджеттен бөлінеді және құрылыс, ТКШ істері жөніндегі агенттік арқылы облыстық әкімдіктер есепшоттарына аударылады. Кейін екінші деңгейлі банктер  немесе шағын несиелік ұйымдар арқылы бұл ақшалар ПИК-ге аударылады.

БІРТЕ-БІРТЕ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ

«Энергетикалық аудит жүргізудің мақсаты-жөндеудің қажеттілігінде болып отыр. Алайда, іс жүзінде жөндеу жұмыстарының көлемі қалай болады, оны тұрғындардың өздері шешеді. Бүгінгі күні барлық қалалық ПИК-ге үй шатырларына жөндеу жүргізу керек. Тұрғындар, сондай-ақ, мердігерді де анықтау керек. Бұл фирма алдымен жобалау-сметалық құжаттарды жасақтаумен айналысады, оны Мемлекеттік сараптама органдары, кейін тұрғын үй инспекциясы бекітетін болады. Жобаны жасақтау жөндеу сомасына кіреді»,-деп түсіндірді С.Қазиев.

Оның айтуынша, тұрғын үй инспекциясы бұл қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімі жанынан құрылатын және тұрғын үй қорын ұстау қабілеттілігі сапасы бойынша  ПИК қызметін бақылауға алатын орган болмақшы.

Егер пәтер сатылатын болса, несиені кімге төлейді? С.Қазиевтің айтуынша, бұл жағдайда термомодернизациялауға бөлінген  несие үшін төленетін қарыз мөлшері сатып алушыға ауысады. Алайда, бұл соманы сатушы сатып алу-сату процесі рәсімделген кезде ПИК-ке толығымен төлеуге құқылы. Бұл жағдайда пәтерді  ақшаны мемлекет төлеген және қарыздары жоқ әжейлерден сатып алған тиімдірек болады.  

«Әнуар-Авангард» ПИК төрайымы Людмила ШАРОВАТОВАНЫҢ пікірінше, үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін несиені осы кезеңде алу тұрғындар үшін тиімді екен. Тұрғындарының көпшілігі зейнеткерлер болып келетін ондай үйлер көп. Күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін Людмила Анатольевна барлық үйлерде жылу есептегіштерін орнатуды  жоспарлап отыр. Бұл жағдайда тұрғындардың жылу ақысын төлеу кездегі  үнемделген қаржысы несиені жабуға жұмсалмақшы.

С.Қазиевтің айтуынша, қалалық әкімдік құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттігіне қалада 2020 жылға дейін термомодернизация бағдарламасы бойынша салынғандарына 15 жылдан астам уақыт болған 687 көп пәтерлік тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілетін болады деген анықтаманы жолдаған екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 наурыз 2011, 22:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.