Атырау, 25 желтоқсан 06:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сатылымға 1000 теңгеден ет шығарылды

3 430 просмотра

Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қадырғали ТҰРҒАНОВТЫҢ айтуынша, баға тұрақтандыру жөніндегі бағдарлама аясында 26-шы наурыздан бастап Атырау қаласында еттің келісін 1000 теңгеден сата бастау ұйымдастырылған.

Естеріңізге салайық, Жаңа жылдан бастап «мұнай астанасында» сиыр етінің бағасы 1200-1500 теңгеге дейін өскен болатын. Бағаны тұрақтандыру үшін облыстық әкімдік 407 млн. теңге бөлген. Аптаның аяғынан бастап «Асыл-Агро» ЖШС-нің мал соятын цехына мүйізді ірі қара жеткізіле бастаған.

Қ.Тұрғановтың айтуынша, арзандатылған етті сату нүктелері мыналар: «Насиха», «Дина», «Көктем» базарлары, «Атаба-Алмагүл», «Атаба-Балықшы», «Лидер-Привокзальный 3а» супермаркеттері. Авангард ықшамауданында етті сату нүктесі нақтылануда. Қ.Тұрғанов еттің жоғарғы сапалы екенін мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, 1000 теңге тұратын ет жіліктеп сатылатын болады, яғни, оны іріктеп таңдап сатып ала алмайсыз.

Етті жеткізуші «АтырауАгроСервис» ЖШС директоры Асқар БИСЕНОВТЫҢ айтуынша, орташа алғанда қаланың сауда нүктелеріне сатып алушылардың белсенділігіне байланысты 5 тоннаға дейін ет жіберілетін болады. Малдың келесі партиясы Қазақстанның оңтүстігінен сатып алынбақ. Оралдан малды төмен бағамен сатып алу қиынға соғып тұрған көрінеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

30 наурыз 2011, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.