Мақат аудандық прокуратурасы үш баласына алимент ала алмай жүрген ананың арызын қанағаттандырды.
Тексере келгенде анықталғаны, үш балаға тиесілі өткен жылдың соңғы айының ақшасы алиментшінің емес, ол жұмыс жасайтын есепшілердің салақтығынан төленбей қалған.
–Бұл дегенің ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының баптарын бұзу болып табылады. Сол себептен мекеменің бас есепшісінің үстінен ҚР ӘҚБтК‑ның 254-бабы, яғни сот актілерін орындаудан жалтарғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, аудандық сотқа жолданған болатын. Соттың қаулысымен бас есепші кінәлі деп табылып, бес айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, үш баланың конституциялық құқығы қорғалды,‑деп хабарлайды Мақат ауданы прокуроры Жұбан ҚАДЫРОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА