Атырау, 30 мамыр 05:09
 дождьВ Атырау +13.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Қоғам

Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды Қоғам

Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды

Мақат аудандық сотының тәжірибесінде алғаш рет медицина қызметкеріне қатысты бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды. Фельдшер М.Айтуаров бір жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. 17 ақпан 2011, 00:00 7 583 рет қаралды
Өркениеттен тыс тіршілік Қоғам

Өркениеттен тыс тіршілік

Ақпан айы нағыз қыс екенін танытты. Қалада жаңбыр жауса, ал далалық ақ көрпеге оранып жатты. Осындай мазасыз күндері қыстақтардағы шаруалардың жағдайы не болып жатыр деген қызығушылықпен Индер ауданы Елтай селосының қырлығына шыққанбыз. 17 ақпан 2011, 00:00 8 326 рет қаралды
Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме? Қоғам

Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме?

Таяу жылдарда қазақстандық телекөрермендерге отандық телеарналармен оңаша қалатын күн тумақшы. Криминалды НТВ, «белден төменгі» әзілі бар ТНТ және төсек сахналарына еш қымсынбастан қатысатын, бірін-бірі төмпештеп жататын актерлары бар фильмдер енді кабельдік телеарналар желісінен алынып тасталынады. Мұның несі жаман? Әрине ештеңесі де. Алайда, осындай тәсілмен байланыс және ақпарат министрлігі «Хабар» мен «Қазақстан» және басқа телеарналардың рейтингісін көтеруді жоспарлап отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 4 181 рет қаралды
Қоғам

Мұнайшылар жаңа ұжымдық келісім-шартқа қол қойды

Таяу күндері «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» компаниясының «Ембімұнайгаз» жєне «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалдарының ұжымдары 2011-2013 жылдарға жұмыс берушілермен ұжымдық келісім-шартқа қол қойды. 17 ақпан 2011, 00:00 3 463 рет қаралды
Балабақша ақысы 8 мың теңге болды Қоғам

Балабақша ақысы 8 мың теңге болды

1-ші ақпаннан бастап балабақшалардағы орын үшін төлемақы 25 пайызға өсті. Бұған азық-түлік бағаларының  өсуі себеп болып отыр. Қалалық білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі төлемақыны өзгерту туралы» бұйрығында айтылғандай, «үйлестірілген тағаммен қамту мақсатында» төлем енді 8000 теңге құрайды (бұған дейін 6 мың теңге болған). 16 ақпан 2011, 00:00 10 824 рет қаралды
«Болашақтың» болашағы бұлыңғыр Қоғам

«Болашақтың» болашағы бұлыңғыр

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқытылған түлектерді жұмысқа орналастыру проблемасы бүгінде жоғарғы билікте қызу талқылануда. Мемлекет оған көп ақша жұмсап отыр, ал шетелден білім алып келген жастар өз отандарынан жұмыс таба алмай жүр деген мәжілісмендер бұл бағдарламаға күмән келтіріп отыр. Мұндай сын баяғыдан айтылып жүр. Бұрын «болашақтағылар» шетелде тұрақтап қалады, ал өз елдерінде отандық кәсіпорындардан гөрі трансұлттық компанияларда жұмыс жасағанды жөн көреді деп бағдарламаға мін тағылған болатын. 16 ақпан 2011, 00:00 5 045 рет қаралды
«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар Қоғам

«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар

Экологиялық және әлеуметтік проблемаларына байланысты қоныс аударған Мақат ауданының Комсомол, Бек Бике, Қошқар ауылдары көшінің соңы айқай-шуға ұласты. Көшірілген ауылдардың бірі Қошқар кентінің 11 отбасы мына қақаған қыста баспанасыз тентіреп жүр. Облыстық әкімдіктегілер олардың шынымен үйсіз жүргеніне күмәнмен қарайды. 10 ақпан 2011, 00:00 5 523 рет қаралды
Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе? Қоғам

Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе?

Жыл сайын облыстық әкімдік жанынан құрылған қор тарапынан мектеп бітірген түлектерге шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін көпшіліктің біле бермейтіні рас. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізу үшін жас түлек қандай талаптарды орындауға тиісті? Бұл жайында біз облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Асқар КЕРІМОВТЕН білмек болдық. 10 ақпан 2011, 00:00 9 239 рет қаралды
Қоғам

Дәрігерлер қызметі оnline бақылауында

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ «АЖ» газетіне Денсаулық сақтау министрлігінің емханаларда көрсетілетін қызмет сапасын қалай бақылайтындығы туралы әңгімелеп берді. 10 ақпан 2011, 00:00 3 757 рет қаралды
Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі Қоғам

Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі

- Ой, мен жеңіл жүрісті кәсіп қылып боп жүрген кезімде не болмады дейсің... – деп әңгімесін бастады Зарина қалың кекілін сілкіп жіберіп. – Қалай болғанының бәрін айтып беремін, тек сіз мені суретке түсіріп алмаңыз. Өзіңіз де түсінесіз ғой, мені суреттемеңіз де... Заринаның жанында өзін Лена тәтеймін деп таныстырған тағы бір әйел отырды. Ол сағатпен пәтерді жалға береді екен. «Журналист танысың болған қандай жақсы, - деп көзін қысып қойды тәтей. – Сонымен нені білгіңіз келеді? – деді аяғын айқастырған ол.- Сұрақтарыңды айта ғой...». Ал жалпы, бастапқыда менің мақаламның тақырыбы «СПИД орталығының достық кабинеті» деген болатын. Сонымен... 10 ақпан 2011, 00:00 26 842 рет қаралды
Кешкі мектептегі күйкі тірлік Қоғам

Кешкі мектептегі күйкі тірлік

«Большая перемена» атты комедиялық фильм бәріңіздің есіңізде болар. Жұмысшы жастарға арналған кешкі мектепте әкесі мен қызы, ерлі-зайыптылар оқитын еді ғой. Тіпті аты шулы ересек оқушы Ганжаның жары өзіне мұғалім болатынын да қайдан ұмытайық. Ал өзінен дардай үлкен әрі түйдей құрдас болып келетін оқушыларының оқу үлгерімімен бірге, тәртібін түзеймін деп алысқан оқытушы ағай ше? Байғұстың әбден қиналғаны көз алдымызда... Дәл осындай оқиғаға ұқсас келетін жағдай бүгінде Атырауда да бар. Бірақ, ол кинодағыдай күлкіге құрылған емес. Күйініш пен өкініштен тұрады. 10 ақпан 2011, 00:00 10 262 рет қаралды
Қоғам

Техникалық тексерудегі жаңалық жүргізушілердің жүйкесін жұқартты

Атырауда техникалық тексеруден өту әдеттегі режим бойынша жүргізілуде. Бір ғана айырмашылық енді жүргізушілер қолдарына талон орнына техникалық тексеру актісін алады. 9 ақпан 2011, 00:00 3 707 рет қаралды
Құлшылық ету жұмысқа кедергі ме? Қоғам

Құлшылық ету жұмысқа кедергі ме?

Редакцияға Қашағандағы «Д» аралында жұмыс істеп жатқан «Aker Solutions» компаниясының бірқатар қызметкерлері хабарласты. Олар өздеріне белгілі бір уақытта намаз оқуға тыйым салынғандығына наразылықтарын білдірді. 9 ақпан 2011, 00:00 12 416 рет қаралды
Емші қатерлі ісікті емдей алмайды Қоғам

Емші қатерлі ісікті емдей алмайды

Облысымызда  жыл санап қатерлі ісік дертіне шалдыққандар қатары өсіп барады. Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша 687 адам  ауырса,  2009 жылы олардың саны – 648 болған. Ал республика бойынша жалпы санды атаудың өзі қорқынышты- 28 мың адам. 3 ақпан 2011, 00:00 7 138 рет қаралды
Бас ауруына арналған дәрі-дәрмектер Қоғам

Бас ауруына арналған дәрі-дәрмектер

Сейсенбі күні редакциямызға тарихта тұңғыш рет атыраулық медицина қызметінің басшылары жиналды. Бұл газеттің өткен нөмірінде жарық көрген «Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі» деп аталатын мақаланың «арқасы» еді. Бізбен байланысқа шыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ басқа стационарларда (мақалада облыстық аурухана аталған болатын) дәрі-дәрмектерге қатысты проблема жоқтығын дәлелдеу үшін атыраулық стационарлардың бас дәрігерлері мен «Самұрық-Қазына-Фармация» ЖШС өкілдерін шұғыл лездемеге жинауға уәде берді. 3 ақпан 2011, 00:00 9 326 рет қаралды
Қоғам

Күрмеуі шешілмеген жол-көлік оқиғасы

Бұл жол-көлік оқиғасы өткелі бір жылдай уақыт болды. Былтыр маусымның 19-ы күні сағат түнгі он бірде «Ардагер» сауда-ойын-сауық орталығының алдында Мitsubishi Outlander автокөлігі мен ВАЗ 21099 автокөлігі соқтығысып, оның арты шешілмес дауға ұласты. 3 ақпан 2011, 00:00 4 484 рет қаралды