Атырау, 24 қараша 10:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қар күреген арулар

4 471 просмотра

Сейсенбі күнгі төпете жауған қар көше тазалаушылар үшін уайым бола қойған жоқ. «Әрине, ол ауыр жұмыс, оның үстіне оған күннің күрт суытуы дөп келді. Қолдың бұлшық еттері де сырқырайды,-дейді күректің сабына шынтақтай сүйенген, керемет әдемі Лала есімі бар қарақалпақ қызы. – Бірақ, наурыз айының басында негізгі еңбекақымызға осы қар жауған күндердегі еңбегіміз үшін сыйақы беретіндігі есіме түскенде көңілім шаттанғандай болады».

Лала ОРАЗБАЕВАНЫҢ (суретте) Атырауда жұмыс жасағанына бір жылдан асты, осы қыс айларында ол бес келіге жүдеп, атлетикалық сымбатқа ие болған екен. Оның күйеуі де «Арнаулы автобазада» трактор жүргізушісі болып жұмыс жасайды. Үйде үш қызы бар. «Үлкені түскі асты дайындап та қойыпты,-деп күлімсірейді ол, қазір үйге барамыз, күйеуім де келем деп уәде еткен еді».

Екінші бір әйелдің есімі Зәуре ХАЛМҰРАТОВА (суретте), ол да сол Қарақалпақстаннан келген, Атырау көшелерінде тазалаушы болып еңбек еткеніне бес жыл бопты. Оның айтуынша, бүгінгі күні қарды тазалаумен айналысып жатқандардың барлығының жалақысы 35 мың теңге, алайда, әдеттегідей бірде-бір ай сыйақысыз қалмауы керек. «Біз барынша тырысып еңбек етеміз, арамызда жалқаулар атымен жоқ»,-дейді ол.

Мен фототілшімен бірге «Арнаулыавтобазаның» директоры Дулат ТҰРҒЫМБАЕВТЫҢ машинасына қайта оралғанымызда ол: «Қалай олар риза ма екен?» – деп сұрады. Машинаға отырып алған біздер қала көшелері бойынша шағын рейдімізді жалғастырдық. Шынымды айтсам, мен осындай ауыр жұмыстар үшін аз жалақы төленетіндігі туралы ақпаратқа аз да болса жабырқап қалдым. Алайда, бұл ақшаның өзі «Арнаулыавтобаза» қызметкерлері үшін аз емес көрінеді. Және олармен сөйлескенімізде жұмыс берушінің біздің әңгімемізге қатыспағандығын және қыздардың өздерін еркін ұстай білгендерін атап өткім келеді.  

БАРЛЫҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШЫҚТЫ

Д.Тұрғымбаевтың айтуынша, қар көп жауған сейсенбі күні қала көшелерінде күрекпен және 90 бірліктен жоғары арнаулы техникамен 400-дей адам жұмыс жасаған екен. Сол күні қала жолдарына 300 тоннадай тұзды ерітінді төгілді. Ақпан айының екі аптасында қаладан миллион текше метр қар шығарылды.

«Арнаулыавтобаза» қызметкерлерінде он үш сағаттық жұмыс күні бар. Қар әдеттегіден көп болған жағдайда қаланың еуропалық және азиялық бөлігінде кәсіпорынның қырық қызметкері түнгі сағат он екіге дейін жұмыс жасады. Олардың басым көпшілігі әйел адамдар. «Жұмысқа әйелдердің өздері сұранады,-дейді КМК директоры. –Мен олардың ер адамдарға қарағанда төзімді екендіктерін  баяғыда-ақ  байқаған едім».

- Ол адамдар қайда демалады? Қайда жылынады?

- Машиналарда,-деп қысқа жауап береді Тұрғымбаев. – Бригадирден сұранады да самосвал көлігінде, трактор мен тиегіштерде жылынып алады. Түскі үзіліс кезінде олардың демалатын екі сағат уақыттары және кеште бір сағат үзілістері бар. Отбасылылар үйлеріне кетеді, көбі машина салондарында отырғанды жөн көреді. Олар ешқашан шағымданбайды, олардың бір ғана алаңдайтыны- еңбекақыларының уақытында берілуі. Біз олардың бұл талаптарын қанағаттандыруға тырысамыз, олар әр айдың үші күні өз ақшаларын қолдарына алады. 

Анастасия ПАСТУХОВА

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерді түсірген В.Истомин

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.