Атырау, 24 қараша 09:59
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кедейліктен құтылудың жаңа бағдарламасы

2 743 просмотра

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» жобасының таныстырылымы болып өтті.

Бағдарлама 3 кезеңге бөлінген: біріншісі пилотты – 2011 ж., екіншісі – 2012-2015 жж., үшіншісі – 2016-2020 жж. Еңбек министрлігі 2016 жылға қарай бағдарлама бойынша 1,5 млн. адам қамтылып, кедейшілік деңгейі 8,2 пайыздан 6 пайызға дейін азаяды, ал еңбек өнімділігі 20 пайызға өседі деп жорамалдап отыр.

2011 жылы жобаның пилотты кезеңіне 56,5 млрд. теңге қажет. Ол республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылмақ. Ал 2012-2015 жылдары жыл сайын 100 млрд. теңгеден бөлініп тұратын болады.

Бағдарлама үш бағыт бойынша дамымақ: 1) өз күндерін өздері көріп отырған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды оқыту және жұмысқа орналасуларына көмектесу; 2) ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету; 3) еңбек ресурстарының жинақылығын артыру.

Бірінші бағыт бойынша, атап айтқанда, жеке мамандықтар бойынша ағымдағы және  болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқорлары құрылатын болады. Екінші бағыт бойынша – консультативтік қызметтер және жоғарғы пайыздық мөлшерлемесі 7 пайыз болатын микронесие бағдарламалары жасақталады. Үшінші бағыт бойынша – төменгі экономикалық деңгейдегі елді мекендерден басқа, анағұрлым болашағы бар жерлерге көшкісі келетін азаматтарға көшуді ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жерде аудан ішіне, облыстағы бір ауданнан екінші бір ауданға, бір облыстан екінші облысқа (Алматы мен Астанадан басқа) көшу туралы әңгіме болып отыр. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдауға мыналар кіреді: көшуге субсидия ұсыну, типтік арендалық баспананы сатып алу мүмкіндігімен ұсыну, қайта дайындау курстарынан өту немесе жаңа мекен-жайда активтендіру бағдарламасына қатысу.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.