«Бота» қоғамдық қоры міне, үшінші жыл тұрмысы төмен отбасылардың балаларының оқу ақысын төлеуге қаржы бөліп келеді. 7 ақпанда құжаттарды қабылдаудың жаңа кезеңі басталды.
Егер оқимын деп талаптанған түлектің отбасы оның оқуын төлей алмайтын болса,онда «Бота» қорының гранты оған мүмкіндік береді. Бастысы-болашақ студенттер жақсы оқуға тырысса болғаны. Тағы бір оны алудың талабы-жас ерекшелігі болып табылады, 29 жасқа дейінгі талаптыларға беріледі. Оқу мекемесі- Қазақстан аумағындағы жоғары оқу орыны немесе колледж грант иесін таңдайтын болады. «Бізге олар: Сіздердің гранттарыңыз мемлекет гранттарынан артық!»,-деп күледі «Бота» ҚҚ-ның байланыс және дамыту жөніндегі департаментінің маманы Мөлдір БЕКЖАН. Әрине, егер мемлекеттік гранттар тек оқудың ғана ақшасын жапса, біздің қор оларлдың тұратын жерлерінің ақысы мен күнделікті қаладағы жол ақыларын, ал қаладан тыс жерлерде тұратындардың үйлеріне бару ақыларын жылына екі рет төлеп отырады. Бұдан басқа, «Бота» өз студенттері үшін шешендік өнердің тренингтерін, компьютерге оқытады. Мұның бәрі «Ботаның» студентерінің тек оқып қана қоймай, еңбек нарығында бәсекелес бола білуі үшін де жасалауда. Шәкіртақы алушыдан талап етілетіні жақсы оқу және жылына 20 сағатты волонтерлік қызметке арнау, яғни, түрлі үкіметтік емес ұйымдар жұмысына көмектесу.
«Биыл әлеуметтік бағыттарға назар аударып отырмыз,-дейді Мөлдір Бекжан. –Бұл социология және әлеуметтік жұмыс, педагогика, мектепке дейінгі білім беру және тәрбие, дефектология, психология, кейбір медициналық мамандықтар және мәдени-демалыс саласы. «Ботаның» шәкіртақы алушылары арасында Атырау қаласының тұрғындары да бар. «Мен мектеп бітірген кезде бұл қор туралы ештеңе білмейтінмін. Маған оны ұстаздарым айтты және олар маған сауалнама мен шығармамды жіберуге көмектесті. Олар менің отбасымда 6 бала бар екендігін білетін. Мен отбасындағы екінші баламын, менен кейінгі үшеуі мектепте оқиды, қалғандары кішкентай. ҰБТ тапсырғаннан кейін жеке әңгімелесу болды. Енді мен және менің сыныптасым Мөлдір Ерсалиева екеуміз Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқып жатырмыз. Бізге шәкіртақы төленіп отыр, мемлекеттік грант алушылар шамамен 12 мың теңге алса, бізге қалалық транспорт ақысымен қоса17 мың теңге төлейді,-дейді «Бота» ҚҚ-ның грантын иеленуші Асылхан МҰҚАЕВА. –Егер мен бірінші курсты жақсы аяқтайтын болсам, келесі жылы да оқуымның ақысын төлейтін болады және ноутбукты сыйға тартпақшы. Университетте тағы да осы қордың көмегімен Индер ауданынан үш бала оқиды, олар-Назерке, Нұрдәулет, Аягөз, Уақыт өте келе біз семинарларға барамыз. Бізге әлеуметтік қызмет түрлері, волонтерлер жұмысы туралы түрлі әңгімелерді айтып береді және компьютерлік сауаттылыққа үйретеді».
Грантты алу үшін www.bota.kz сайтынан сауалнаманы алып, оны толтырып, пошта арқылы, мейлі электронды болсын немесе кәдімгі пошта арқылы болсын жіберу керек. Сауалнамаларды қабылдау 7 ақпаннан басталды. Және ол 31 наурызда аяқталады. Одан кейін үміткерлерді таңдау басталады. Олардың әрқайсысымен жеке кездесу жүргізіледі. Алғашқы жылдары гранттарды 87 адам алды, екінші жылдары 250, ал, биылғы жылы 300 адамға грант бөлу жоспарланып отыр.
Зульфия ИСКАЛИЕВА