Атырау, 8 қазан 04:55
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар

4 386 просмотра

2010 жылы Қазақстанда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар үшін 88,5 мың орын дайын болды, осылайша, балабақшамен қамту 41,6%құрады. Бұл мәліметтерді ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің алқа мәжілісінде министр Бақытжан Жұмағұлов жария етті. Оның баяндамасында Атырау облысы мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орынмен қамту жоспарын толығымен орындады деп атап өтілді.

ТАҢДАУ МҮМКІНДІГІ БАР

«Балапан» бағдарламасы 2010-2014 жылдарға есептелген және балабақшалардың, жеке мектепке дейінгі мекемелердің және шағын –орталықтардың ашылуын қарастырады. Бағдарламаның қаржылық құрамы - 261 млрд. теңге (213 млрд. республикалық бюджеттен және 3 млрд. теңгесі жергілікті бюджет есебінен).

Атырауда түрлі меншік  формасындағы 35 балабақша жұмыс жасайды, олар 9 мың баланы қамтып отыр. Мемлекеттік балабақшалар ақысы 8 мың теңгені құрайды (осы жылдың 1-ақпанынан бастап) ал, жеке балабақшалардың  ақысы одан барынша жоғары. Соған қарамастан орын барлық балабақшаларда   жетпей жатыр. Бүгінгі күні кезекте 7300 атыраулық балақайлар тұр. Соңғы уақытта биліктегілер оны жұмыс істеп тұрған мекемелерге жанама құрылыстар  салу арқылы шешпек болып отыр. Қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі білім беру жөніндегі бас маманы Гүлнәр Жұлмұханованың айтуынша, қазір 120 орынға арналған  жанама құрылыстар №1, 3 және 55 балабақшаларда жүргізілуде. №6, 10, 11, 14, 21, 30 және 55 балабақшаларда жанама салынған 120 орынды құрылыстар аяқталды, бірақ, әзірге жұмыстарын бастаған жоқ. Олардың іске қосылмауының немен байланысты екендігін облыстық құрылыс департаментінен біз өкінішке қарай біле алмадық.

2009-2010 жылдары жаңа алты балабақша ашылды. 2011 жылы тағы да екі балабақша бюджет қаржысына және төртеуін (920 орынды) Аджип ККО демеушілік қаржысына салу жоспарланып отыр. 

- Жаңа балабақшаларды тапсыру барысында біз таңдау алдында тұрмыз,-дейді Г.Жұлмұханова. –Кезекте тұрғандарға жолдама беру керек, бір жағынан жұмыс істеп тұрған балабақшаларда балалар саны артық, кейбір топтарда норма бойынша 25 баланың орынына -40-50 баладан бар. Оларды да азайту керек.

Бұл проблеманы аз да болса шешудің бір жолы- мектептер жанынан 3-5 жас аралығындағы балаларға есептелген мектепке дейінгі білім беретін шағын-орталықтар ашу. Ондай орталықтар Атырауда-33, олардағы балалар саны-1400. Оқу және тәрбиелік процестер балабақшалардағыдай, алайда балақайлар бұл жерлерде жарты күн ғана болады. Есесіне тегін.

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТАДЫ

Жеке балабақшаларға келетін болсақ, қалалық білім беру бөлімінде жеке мектепке дейінгі білім берумен айналысуға ниет білдіруші кәсіпкерлердің оннан аса арыздары жатыр. Бүгінгі күні Атырауда бес жеке балабақша жұмыс жасайды. Олар – 60 орынды «Таза бұлақ» («Жеті қазына» мөлтек ауданында), 250 орынға арналған «Келешек» (Стройконтора ауданындағы, Каспий көшесі, 20 мекен-жайында), Геолог поселкесіндегі 60 орынды «Мирас» балабақшасы, сондай-ақ, Халықаралық «Батыс Қазақстан» корпорациясы  Кампусы жанындағы 100 орынды балабақша және 250 орынға арналған «Жас батыр» спорт кешеніндегі балабақша.

-Олардың барлығында арнаулы комиссиямен санитарлық нормаларға сәйкестілігі тексерілді,-дейді Г.Жұлмұханова. – Сондай-ақ, олар бізбен оқу бағдарламасын келісіп те алған. Қазір Құрсай поселкесінде ашылғалы отырған жеке балабақшаға лицензия беру туралы мәселе шешілуде. Жеке балабақшалар ата-аналарға орташа алғанда 40 мың теңгеге шығады. Жалпыға бірдей қабылданған бағдарламалардан басқа бұл жерлерде басқа да мәселен, шет тілін оқыту, баланың шығармашылық қабілетін дамыту қарастырылған.

ЕРТЕ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ

Балаларды  тәрбиелеудің басқа нұсқалары қарастырылған. Мәселен, Атырауда бірнеше балаларды ерте дамыту орталықтары жұмыс жасайды. Бұл бюджеттік шағын-орталықтарға ұқсайды. Оларда барынша жағдай қолайлы және мектепке дайындау барысындағы оқу бағдарламаларының түрлілігімен ерекшеленеді. Мұндағы орындар үшін айға 25-30 мың теңге төлейді. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтері бойынша, ондай орталықтардың бірде-біреуі лицензия алуға келмеген.

Бүгінде Атырауда балаға бала күтушіні жалдап алуға мүмкіндік беретін мамандандырылған бірде-бір агенттік жоқ. Атыраулық бала күтушілердің ұсынысы ата-анасы жоқ кезде баланы қараумен ғана шектеледі. Кейбір бала күтушілер 4-6 баладан жинап, үйде шағын балабақшалар ұйымдастырады. Олардың аранйы сабақтар өткізетіндігін немесе балалардың өздерімен-өздері болатындықтарын тексеру бізге барынша қиын.

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

Балабақшаға жолдаманы  жеңілдік негізде алуға болады. Бұл мектепке барар жастағы (5-6 жас) балаларға, ата-аналары мүгедек (І-ІІ-топ ) балаларға, жетім және жартылай жетім, көп балалы отбасыларына, сондай-ақ, ата-аналары бюджеттік мекемелерде жасайтындардың балаларына қатысты.

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.