Атырау, 24 қараша 09:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме?

3 655 просмотра

Таяу жылдарда қазақстандық телекөрермендерге отандық телеарналармен оңаша қалатын күн тумақшы. Криминалды НТВ, «белден төменгі» әзілі бар ТНТ және төсек сахналарына еш қымсынбастан қатысатын, бірін-бірі төмпештеп жататын актерлары бар фильмдер енді кабельдік телеарналар желісінен алынып тасталынады. Мұның несі жаман? Әрине ештеңесі де. Алайда, осындай тәсілмен байланыс және ақпарат министрлігі «Хабар» мен «Қазақстан» және басқа телеарналардың рейтингісін көтеруді жоспарлап отыр.

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Заң жобасында ұлттық арналардың мүддесін қорғау бабы қарастырылған. Ол бап бойынша біз келесі жылдан бастап-ақ, 25% қазақстандық арнаны, 75% шетелдік арнаны көруге тиістіміз.  2013-жылдан бастап бұл пропорция 35 және 65 пайызды құрайтын болады. Ал, 2015 жылға қарай тепе-теңдік пайда болуы керек – 50% біздікі және  50% шетелдік. Айта кету керек, шетелдік арналар болып барлық қазақстандық арналар есептелмейді. 2015 жылы бүгінгі күні он бестен аспайтын отандық арналар саны артатын болады. Әйтпесе, осы арифметикаға сәйкесті бізге қалған елу пайызды, демек, бар болғаны он бес арнаны ғана көруге тура келеді. Бұл жобада бюджеттің артуы және отандық арналардың сапасы туралы ештеңе айтылмағандығы өкінішті.  

«Боевик» пен эротикаға тыйым салынады

Басқа арналарды жүргізуге тыйым салу үшін заң шығарушылар көптеген баптар мен тармақшалар ойлап тапқан. Мәселен, айталық, сондай баптардың біріне сәйкесті эфирге порнография, эротика, зорлық, зұлымдық  бейнеленген кинолар мен хабарлар жіберілмеуі тиісті. Порнографиялық фильмдерге тыйым салуға болады, ал,  «Терминатор», «Крепкий орешек» және басқа  даголливудтық фильмдермен қалай болмақ? Немесе айталық, «Титаник» ше? Онда да эротикалық көріністер бар ғой! Ал, енді жауыздықты ше, оны Гайдаевтың «Ы» операциясы» немесе «Шуриктің басынан кешкендерінен» де көруге болады. Заңдағы «Телебағдарламаларды таратуда балалар мен жасөспірімдерді қорғау» баптары бойынша операторларға жоғарыда аталған сахналық көріністерді жойып жіберу үшін арнаулы техникалық құралдарды сатып алуды міндеттеп отыр. Жергілікті кабельдік телеарналардың бірінің директоры (аты-жөнін атауды қаламады) біраз үнсіздіктен соң: «Біздің кабельдік телеарнамыз 70 арнаны көрсетеді. Енді маған әрбір арнаға бір-бір оператордан қойып және оны  бір жәшік сырасымен күндіз-түні тайраңдатып қоюым керек пе? Егер ол сүйісіп жатқан немесе атыс болып жатқан көріністерді жіберіп алса- еңбекақысын қиып жазалау керек пе?  Бұл дегеніңіз күлкілі нәрсе ғой!».

Тағы бір қақпан- міндетті түрде барлық шетелдік арналарды есепке қою. Арналарға есепке алынғаннан кейін оның иелері өз өкілдіктерінде тіркелуі керек немесе қазақстан аумағында өз филиалдарын ашуға тиісті. Ресейлік арналардың иелері біздің елімізде өз өкілдіктерін ашуға аса құлықты бола қоймас. Мен бұл жерде «Дискавери» немесе «Евроспорт» арналарынан басқасы туралы айтып отырмын. Қысқасы, кім есепке тұрмайды, оларға жабылу қаупі төнеді.

Осы жағдайға қатысты түсінік алу үшін біз жергілікті кабельдік операторлар «Токтар-Бонус-Системс», «Алма-ТВ»  және «Диджитал-ТВ» ЖШС-теріне жолығуды жөн көрдік. Әңгіменің тақырыбын білген олардың біреуі жауап беруден бас тартса, екіншілері тіптен, тұтқаны тастай салды. Заң жобасының жеке бір баптарына қатысты түсінік беруге біреулерінің келіскендерімен өз есімдерін, кабельдік арнаның атауын  жарияламауымызды өтінген өз талаптарын алға тартты.

Интернет пен тарелкелер де көз қырына ілікті

Егер сіз өзіңізге ұсынғандарды көргіңіз келмей, Интернетке кірдіңіз делік, бұл жерде де сіз нақты бір шектеулермен бетпе-бет келетін боласыз. Телеарналарды тек лицензиялары бар электронды ресурстарда ғана көре аласыз. Спутниктік тарелкалар да заңның нақты бір баптарына арқау болды. Барлық тарелкалар міндетті қазақстандық сертификаттаудан өтуге тиісті.

Заң жобасымен Атырау облысы бойынша ішкі саясат басқармасының бастығы Әсия ҚЫСТАУБАЕВА танысты. Бізді негізінен мына төмендегі сауалдарға берілген жауаптар қызықтырды:

– «Телерадио хабарларын тарту туралы» заң жобасы азаматтардың еркін түрде ақпараттар алу құқығы бар деген осы заңның 4-бабының 2-тармағына қайшы келіп тұрған жоқ па?

-Телерадио хабарларын тарату секілді мұндай маңызды мәселені міндетті түрде реттеу керек деп есептеймін. Дін еркіндігіне рұқсат берген тұста біз неге қол жеткіздік? Ешқандай жақсы нәрсе болмады, керісінше, залалы тиді. Бұған да телеарналардың қатысы бар. Міндетті түрде мониторинг қажет. Егер адам жауыздық  бейнеленген немесе төсек қатынастары туралы фильмдер көргісі келсе, оған ешкім де тыйым  сала алмайды. Қазір базарда кассеталар мен дискілер жеткілікті.

Анастасия ПАСТУХОВА

Жұртшылық пікірлерінің нәтижелері 16-бетте

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.