Атырау, 13 қараша 10:46
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Жасөспірімдерге арналған «түнгі қарауыл»

7 956 просмотра

ҚР Үкіметі кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта көшеде жүруге тыйым салып, «коменданттық сағат» енгізді.

21-ші қаңтарда «Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Атап айтқанда, осы заңға сәйкес, «түнгі уақытта (сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін) заңды өкілдердің алып жүруінсіз кәмелетке толмаған (18 жасқа дейінгі) тұлғалардың тұрғын ғимараттан тыс жерде болуына» тыйым енгізілді.

Атырау облыстық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Мұрат ДЕМЕГЕНОВТІҢ айтуынша, заңды өкілдер деп жасөспірімдердің ата-аналары, жақын туыстары немесе қамқоршылары айтылады. Егер жасөспірім түнгі қарауылдың көзіне түсетін болса, оған полиция бөлімшесіне баруға, кәмелетке толмағандармен жұмыс жасайтын инспектормен сөйлесуге, ата-аналарымен түсінісулеріне тура келеді. Оларға, айтпақшы, біріншіден, ескерту беріледі. Ал екінші мәрте қайталанса (егер бұл жыл ішінде орын алса), 5 АЕК айыппұл салынады. Тиісті түзетулер Әкімшілік кодекске енгізілген (336-шы бап).

Бірнеше жыл бұрын облыстық деңгейде осындай тыйым енгізілген болатын. Ол көбінесе қағаз жүзінде болған секілді. Ал бір жылдан кейін прокуратура бұл еліміздің кәмелетке толмаған азаматтарының конституциялық құқықтарына нұқсан келтіреді деп, «коменданттық сағатқа» нарызылық білдіріп, оны жойған болатын. Сол жағдай қайталанбай ма?

«Жоқ, - деді сеніммен М.Демегенов. – Бұл жолы заң респубилкалық деңгейде енгізілді. Қазір біз полицияның мектеп инспекторлары арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Заң күшіне енді, алғашқы фактілер де бар. Бірақ әзірге тек ата-аналарға ескерту берумен ғана шектеліп отырмыз».

Қызық жағдай – бізде төлқұжат режимі жоқ, ешкім де құжаттарын өздерімен бірге алып жүрмейді ғой. Жасы 18-ге толған, бірақ өз жасынан жас көрінетін азаматтар не істемек?

«Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері АІІБ-не жеткізбестен, телефон байланысын қолданып, республикалық дерекқор арқылы тексерулері тиіс, - дейді М.Демегенов. – Егер жас жігіт ешқандай тәртіп бұзбаса (мас болмаса, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және т.б.), оған ешқандай талап қойылмайды. Барлық осы жаңа өзгерістер құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған».

Ал, жалпы қалыпты отбасының балалары түнгі уақытта ұйықтайды ғой.

Лев ГУЗИКОВ

23 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.