Атырау, 24 қараша 09:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астананың аязы Атырауға ауды

3 537 просмотра

Бүкіл Қазақстан бойынша күннің суытқаны байқалады. Аяқ астынан басталған аяз көптеген қалаларда, соның ішінде Астана мен Өскеменде мектептегі сабақтарды болдырмай тастады. Атыраулық оқушылар әзірге аялдамаларда автобус күтіп бүрсеңдеуге мәжбүр.

© РИА Новости 

Атырауда екінші аптадан бері күн аяз боп тұр. Күрт суытқан соң және көктайғақ болғандықтан көлікке қатысты проблемалар басталды. Балалар аялдамаларда қатып-семіп тұрады, кейбір маршруткалардың кондукторлары оқушыларды салонға кіргізбейді. «Біз Авангардта тұрамыз, баламыз №15 мектепте оқиды. Үйден мектепке дейін жету үшін оған бір сағаттан астам уақыт керек. №14, 12, 30 маршруттар сирек жүреді. Әсіресе кішкентай балаларға қиын: әдетте бірінші сыныптықтар үшін сабақ ерте басталады. 17-ші мектепте тіпті сағат 8-де басталады, оған сағат 8 болмай жатып жетуге тура келеді. Қазір күн қатты суытып кетті. Тіпті бүгін (сейсенбі күні, 22-ші ақпанда) Қарабатандағы жұмыстар да тоқтатылды, ал мектепте әлі сабақ болып жатыр», - деп шағымданды сегізінші сынып оқушысының анасы Ирина Васильевна.

Ата-аналардың көпшілігі мемлекеттік аралық бақылау сынағы (МАБ) жақындап қалғандықтан мектептер аязды күні сабақты жалғастырып отыр деп есептейді. Облыстық білім беру басқармасындағылар МАБ-тың бұған қатысы жоқ екендігін, тиісті қызмет органдарынан сабақты тоқтатуға байланысты ешқандай нұсқау келмегендігін айтады. Журналистермен кездесу кезінде қалалық санэпидқадағалау стансасының басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ сабақты тоқтата ма, жоқ па, оны ауа-райына және сыныптардағы температуралық режимге байланысты мектеп директорлары шешетіндігін айтты. Оның сөзін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санэпидқадағалау комитетінің Атырау облыстық департаменті директорының орынбасары Ерболат УАИСОВ қолдады: «Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мектептегі сырқаттану деңгейі мен температуралық режимге бақылау жасайды. Біз егер сырқаттанушылар саны нормадан асса немесе сыныптарда өте суық болса ғана, сабақтарды тоқтата аламыз. Ғимараттағы температура  +18 және одан жоғары болса қалыпты деп есептеледі. Ал көшедегі ауа-райына келер болсақ, мектептердегі сабақты тоқтату туралы мәселені Төтенше жағдай қызметі шешеді». Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен біздің редакциямыз да, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі де комментарий ала алмады. Департамент басшысы Жасұлан ЖҰМАШЕВТІҢ тіптен қолы босамады.

22-ші ақпан күні ертемен термометр бағандары -27 градусқа дейін түсіп кетті, ал ғимараттың көлеңке жағында -29 градусқа дейін жетіп қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

23 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.