Атырау, 8 қазан 21:29
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Жер телімі әлі де талайға арман

7 654 просмотра

Шабандап қалған тізбекті кезек

Тегін жер алу үшін кезекте бес-алты жыл, тіпті, одан да көп жылдар бойына тұрған адамдар кезектің қалай болғанда да жылжуы тиіс екендігін біледі. Атырауда жылына қанша жер учаскесі берілсе, кезек те сонша алға жылжуы тиіс қой.

Қала тұрғыны Серік ҚАЗИЕВ бас сәулетшінің қабылдауына бірнеше рет тырысып көргеннен соң, ол біздің «АЖ» газетіне хабарласқан еді. «Мен жер учаскесін алу үшін арызды 2006 жылдың желтоқсанында берген едім,-дейді ол. –Сол кезде мені 4035-ші нөмірмен тіркеген болатын. Бір жылда (14.01.2010 жылдан 6.01.2011 жылға дейін) менің кезегім бар-жоғы тек 8 адамға ғана жылжыды. Ал, әкім болса, өз есептерінде жыл сайын 1000 учаске бөлінеді деп ақпарат береді. Егер ол әкім айтқандай болса, онда мен өзіме тиісті жерді баяғыда-ақ алған болар едім. Әлде кезексіз алып жатқан адамдар саны көп пе?

Менің үш балам бар. Біз жұбайым екеуміз жастар бағдарламасына, өкінішке қарай ене алмаймыз, біз құжаттарымызды жинап, одан банкте төлеу қабілеттіліктерімізді тексеріп болғанша, жасымыз 29-ға келіп те қалды. Бұрын ата-анамыздың үйінде 62 шаршы метрде 12 адам тұрдық. Мен отбасыммен бөлек тұратын болып шештім, міне, бір жарым жыл болды, пәтер жалдап жүрміз. Жақында жұмыстан шығып қалдым. Бірақ, тіпті, жұмыс істейін ақша бәрібір жетпейді. Тегін жер алуға құқығым болып тұрғанда мен неге бұрыш-бұрышты сығалауым керек? Сонда бұл жерлер кімге тиесілі болады екен?».

Тағы бір біздің Гаухар Б. есімді оқырманымыздың сөзіне құлақ асалық. Ол арызды 2005 жылы (кезек нөмірі-402) берген. «2009 жылы 2 желтоқсанда мен кезекте №178-ші болып тұрғандығымды баяндаған анықтама алдым,-дейді ол. -2010 жылдың тамызында мен тағы да тексеріп көргенімде, менің кезегім еш өзгеріссіз қалған екен. Менің бұл таңданысыма терезедегі қыз ерте келгендігімді, оның әзірге өзгере қоймайтындығын айтты. Солай дегенмен де мен ақпан айының басында тағы да Сәтбаев бойындағы ХҚО-на бардым. Сөйтсем, менің кезегім 178-ден 174-ке жеткен екен. Шынымен де бір жылдан аса уақыт ішінде жер учаскесін бар болғаны 4 адам ғана алғаны ма?».

Кезекке қатысты жағдайды қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Бақтыбай ДҮЗЕЛБАЕВ былай деп түсіндіреді: «Біз кезекке тұрғандарды әр жыл сайын жеке-жеке тіркеп отырамыз, яғни, реттік нөмірі қаңтар айынан бастап желтоқсанға дейін жазылады (әр жыл сайын нөмірлеу 1-ден басталады, одан кейін ретімен кетеді-С.Т.). Демек, осыған сәйкесті ол азаматтың алдында 2006 жылғы (4035 адам) кезекке тұрғандардан басқа 2002-2005 жылдар кезегіндегілер де болған. Сондықтан да кезектің жылжуы байқалмайды».

С.Қазиевтің өтінішіне келетін болсақ: «Бұл жағдайда ол азаматқа менің қабылдауыма жазылу керек. Біз орын алған жағдайды анықтап, мәселені қалалық комиссия арқылы шешу мүмкіндігін қарастыратын боламыз».

Жеңілдік алушыларға қатысты мәселені қалалық комиссия өзі қарайды.

«ҚР жер кодексімен, сондай-ақ, жеке тұрғын үй үшін жер учаскесіне құқық беру Ережесінде азаматтардың жеңілдік санаттары қарастырылмаған,-дейді Б.Дүзелбаев. –Сондықтан да қалалық комиссия жеңілдіктерді баспанасы жоқ, соғысқа қатысушы, көп балалы отбасы, аурулы, сондай-ақ, бюджеттік сала қызметкерлері үшін қарастырады. Мәселен, 2010 жылы жерді 817 бюджеттік мекеме қызметкерлері алды, оның ішінде 183 адам білім беру саласының қызметкерлері болса, 63-і денсаулық саласының қызметкерлері болды».

Қалалық сәулет бөлімінің мәліметтері бойынша, 2010 жылы жеке тұрғын үй үшін 6034 жер учаскесін таңдау актісі дайындалып, әкім шешімі шығарылуы үшін қалалық жер қатынастары бөліміне жолданды.

2006 жылы «Жұлдыз» және «Көктем» (Қайыршақты селолық округі) мөлтек аудандарынан тиісінше 1100 және 700 жер учаскесі берілді. Барлығы 1800 адам алды. Олардың ішінде 371 адам бюджеттік сала қызметкерлері болды. 119 адам білім беру, 57- денсаулық сақтау және 11-і жоғары оқу орындарының қызметкерлері болды.

2007 жылы «Балауса» (Ракуша селосы маңы) және «Самал» (Нұрсая-2) мөлтек ауданынан 1200 және 400 жер учаскесі берілді. Барлығы-1600 адам алды. Олардың 309-ы бюджеттік сала қызметкерлері, білім беру саласы бойынша-97, денсаулық сақтау-46 және жоғары оқу орындарының мамандарынан-8 адам алды.

Қаланың бас сәулетшісінің айтуынша, 2008 жылы жаңа мөлтек аудандардан жер учаскелері берілген жоқ. «Дегенмен, әртүрлі жерлерден 302 жер учаскесі бөлініп берілді, оның ішінде 32 бюджеттік мекеме қызметкерлері алды, білім беру  саласынан-10, денсаулық сақтау саласынан-5 және бір жоғары оқу орыны қызметкеріне берілді».

2009 жылы 1660 ( «Жұлдыз» м/а 1200 және «Тасқала-3» м/а-460). жер учаскесі берілді. «Сол кезде қалалық комиссия шешімімен жер негізінен 2001-2003 жылдары кезекке тұрған азаматтарға, сондай-ақ, кезекке соңғы жылдары тұрған, баспанаға мұқтаж адамдарға берілді. 150 жер учаскесі оралмандарға берілді. Жоғарыда көрсетілген жер учаскелері бөлінгендер арасында 151 бюджеттік сала қызметкерлері бар, 108-білім беру, 58-денсаулық сақтау және 9- жоғары оқу орындары қызметкері,-деді Б.Дүзелбаев.

2011 жылдың 1 қаңтарында жер кезегінде 37521 адам тұр. Жер учаскелерін берудің уақытша тоқтатылғандығы туралы  ақпаратты қаланың бас сәулетшісі растамады. «2010 жылы қала маңында жеке тұрғын үй салу үшін жалпы саны шамамен 7 мың учаске болатын 14 жоба дайындалды. Соған сәйкесті учаскелерді беру жалғасуда, тиісінше, олар бірінші кезекте 2002-2003 жылғы (қалғаны 4052 адам) және 2004-2005 жылғы (7018 адам) кезекте тұрғандарға берілетін болады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

23 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.